Жүйеге кіру
ҚХР мен ЕАЭО кедендік ақпаратпен алмасу бойынша өзара қолайлы уағдаластықтарға қол жеткізді

ҚХР мен ЕАЭО кедендік ақпаратпен алмасу бойынша өзара қолайлы уағдаластықтарға қол жеткізді

05.12.2016

Мәскеуде келіссөздердің төртінші раундында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) пен Қытай Халық Республикасының өкілдері Кедендік ақпаратпен алмасу туралы келісімнің мәтіні бойынша өзара қолайлы уағдаластықтарға қол жеткізді.

ЕАЭО келіссөз тобын басқарған ЕЭК Кедендік инфрақұрылым департаментінің директоры Бактыбек Байсеркеевтің айтуынша, келіссөздердің келесі раундында тараптар құжатты келісуді аяқтауға кіріседі.

Бүгінде Қытай мен ЕАЭО кеден органдары Келісімге қол қойылғаннан кейін ҚХР Одаққа және керісінше әкелінетін тауарлар туралы ақпаратпен алмасатыны қазірдің өзінде жақсы түсініліп отыр.  

Деректермен тұрақты түрде мұндай алмасу Келісімге қатысушы елдердің арасында сенім дәрежесін арттырып, контрафактілік өнімдер жеткізілімін төмендетуге, сондай-ақ кедендік операциялардың жасалуы мен кедендік бақылауды жүргізуді жеделдетуге ықпал ететін болады.

Анықтама:

ЕАЭО пен ҚХР-дың кедендік шекаралары арқылы өткізілетін  тауарлар мен халықаралық тасымалдау көлік құралдары  туралы ақпаратпен алмасу жөніндегі келісімді жасасу туралы ЕАЭО пен ҚХР келіссөздері Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 29 мамырдағы №66 шешіміне сәйкес басталды. Одақтың келіссөз делегациясының директивалары мен оны құрамы ЕЭК Кеңесінің 2014 жылғы 12 қарашадағы №101 шешімімен бекітілді.