Жүйеге кіру
ЕЭК пен Еуропалық жария құқық ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

ЕЭК пен Еуропалық жария құқық ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

04.12.2019

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян мен Еуропалық жария құқық ұйымының директоры Спиридон Флогаитис ұйымдар арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Қол қою рәсімі 4 желтоқсанда Мәскеуде ЕЭК штаб-пәтерінде болып өтті.

 «Біздің ынтымақтастығымыздың идеясын нысаналы және белсенді түрде ілгерілетіп отырғаныңызға алғысымды білдіремін. Сізді біз оған мүдделіміз деп сендіре аламын», – деді Тигран Саркисян.

Қол қою рәсімі аяқталғаннан кейін ЕЭК Алқасының басшысы: «Бүгін біз ынтымақтастық үшін жақсы базис қалыптастырдық. Бұл құжатты іске асыру құқық саласындағы Еуропалық әріптестермен диалогты институцияландыру үшін жақсы негіз жасайды деп үміттенемін», – деп мәлімдеді.

Өз кезегінде Спиридон Флогаитис меморандумға қол қоюмен ұйымдар ынтымақтастықтың жаңа кезеңін ашатынын атап өтті. «Интеграция» деген кезде оны бірден Еуропалық одақ деп түсінеміз дейтін пікір бар. Бірақ халықаралық қатынастар жүйесінде қазірдің өзінде ЕАЭО түріндегі, әлемдік экономиканың толық мәнді субъектісі екенін білдіретін Еуразиялық интеграция бар және басқа бірқатар интеграциялық бірлестіктер бар».

Спиридон Флогаитис 2020 жылы БҰҰ алаңында әлемнің жетекші интеграциялық бірлестіктерінің өкілдері қатыса алатын бірлескен конференция ұйымдастыру туралы ұсыныс жасады.

Тараптар Өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде қызметті талдау, халықаралық интеграциялық бірлестіктер шеңберінде органдар жұмысының тиімділігін арттыруға және дауларды шешу механизмдеріне арналған ұсыныстар тұжырымдау сияқты бағыттар бойынша ынтымақтасуға ниетті.

Анықтама

Еуропалық жария құқық ұйымы (ЕЖҚҰ) 2007 жылы Грекияда құрылған. 17 ел, 70-тен астам ұлттық университет оның мүшесі болып табылады.

Ұйымның мақсаты - мемлекеттердің, халықаралық және интеграциялық бірлестіктердің, атап айтқанда ЕО құқықтарын зерделеу және дамыту, құқық және мемлекеттік басқару саласында талдамалы зерттеулер жүргізу, сондай-ақ халықаралық, жария және жекеше құқық саласында техникалық қолдау көрсету.

Ұйымның Халықаралық еңбек ұйымы, Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы, Халықаралық көші-қон ұйымы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы жанында байқаушы мәртебесі бар. ​