Жүйеге кіру
ЕАЭО-дағы интеграциялық процестер белсенді дамып келеді

ЕАЭО-дағы интеграциялық процестер белсенді дамып келеді

05.12.2019

2-3 желтоқсанда Бішкекте өткен «Қырғыз Республикасы Еуразиялық экономикалық одақта: нәтижелер, тәжірибе және перспективалар» практикалық конференциясына қатысушылар Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) шеңберінде өзара іс-қимылды арттыра түсудің мүмкіндіктерін талқылады.

Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Интеграцияны дамыту департаменті директорының орынбасары Римма Киселева ЕАЭО жұмыс істеуінің бес жылғы қорытындысы және оның даму перспективалары бойынша түйінді баяндама жасай отырып, Одақ берік институциялық және нормативтік негізге ие болды, ал ЕАЭО кеңістігіндегі интеграциялық процестер сенімді үдемелі дамуды көрсетіп отыр, соның ішінде бұл статистикалық деректерді бағалау кезінде де байқалуда деп атап өтті. 2017 және 2018 жылдары өзара сауда көлемінің елеулі өсуі тиісінше 27,3% және 10,1% болды. Инфляция айтарлықтай қысқарды, бұл макроэкономикалық жағдаятқа қолайлы ықпал етті. Егер 2015 жылдың қорытындысы бойынша инфляция тұтастай ЕАЭО бойынша 14,1% құраса, 2018 жылдың қорытындысы бойынша 3,2% болды.

Римма Киселева конференцияға қатысушыларды ортақ Еуразиялық нарықтың төрт «классикалық еркіндігін» қамтамасыз етуді ілгерілету, ішкі нарықтағы тосқауылдар мен шектеулерді алып тастау, бәсекелестіктің еркіндігін қамтамасыз ету, қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығын ырықтандыру мен кеңейту, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бірыңғай нарығын іске қосу жөніндегі жұмыстар туралы хабардар етті. Одақтың цифрлық күн тәртібі дамуда, тауарларды таңбалау және қадағалану жүйелері бойынша, соның ішінде көліктік жүйе бойынша цифрлық пилоттық жобалар іске қосылды, арнайы шлюздер арқылы деректер алмасу бойынша Еуразиялық ақпараттық жүйе дами түсті.

Одақтың халықаралық танылуы қамтамасыз етілді және шет елдердегі түйінді әріптестермен, сондай-ақ ынтымақтастық географиясы әлемнің барлық дерлік континенттерін қамтитын халықаралық ұйымдармен және бірлестіктермен жұмыс істеу стратегиясы айқындалды.

Интеграцияның оң әсерін біздің елдеріміздің азаматтары - Одақтың барлық мемлекеттерінде қандай да бір шектеулі лицензиясыз немесе рұқсат берулерсіз осы елдердің азаматтарымен тең дәрежеде жұмыс істеуге құқығы бар, сондай-ақ жұмысқа орналасу елінің азаматтары сияқты шарттармен және тәртіппен әлеуметтік әрі медициналық қамтамасыз ету құқығы бар еңбек мигранттары сезінуде.

ЕАЭО-да Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын әзірлеу жалғасуда. Баяндамашы интеграцияның негізгі бағыттары бойынша ЕАЭО мемлекеттерінің өзара іс-қимылын жетілдіруге байланысты кейбір мәселелерге тоқталды.

Еуразиялық интеграциялық бірлестіктің барлық елдері өз бастамаларын белсенді іске асырады және Одақтың болашағына, соның ішінде экономиканың әртүрлі салаларындағы өзара іс-қимылды тереңдету жөніндегі жоспарлар шеңберінде, сондай-ақ, 2018 жылғы желтоқсанда мемлекет басшылары қабылдаған ЕАЭО-дағы интеграциялық процестерді одан әрі дамыту туралы декларацияны іске асыру бойынша ықпал етеді.

Анықтама

Қырғыз Республикасының Экономика министрлігі Азия Даму банкінің Қырғызстанның ЕАЭО-ға бейімделуі кезеңінде мүмкіндіктерді күшейту және тәуекелдерді жеңілдету жөніндегі жобасының қолдауымен «Қырғыз Республикасы Еуразиялық экономикалық одақта: нәтижелер, тәжірибе және перспективалар» практикалық конференциясының ұйымдастырушысы болды.

Конференцияға Қырғызстан Жогорку Кенешінің, Қырғыз Республикасы Президенті Аппаратының және Үкіметінің, Еуразиялық экономикалық комиссияның, мүше мемлекеттердің ЕАЭО мәселелері бойынша министрліктері мен ведомстволарының, ЕАЭО елдерінің Қырғыз Республикасындағы елшіліктері мен сауда өкілдіктерінің басшылары мен өкілдері; ұлттық және ұлтүсті (ЕЭК) деңгейлеріндегі Одақ туралы шартты іске асырудың ерекшелікті мәселелері жөніндегі сарапшылар мен мамандар; бизнестің және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.​