Жүйеге кіру
ЕЭК алқасының отырысы болып өтті

ЕЭК алқасының отырысы болып өтті

06.02.2014

5 ақпан күні ЕЭК алқа отырысында кедендік ынтымақтастық, сауда, экономика және қаржы саясаты саласында шешімдер қабылданған болатын.

Атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Астық жинайтын комбайндар мен олардың модульдеріне қатысты импорттық квота көлемдерін сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында бөлу әдістемесіне өзгертулер енгізу шешімін қабылдады.

 «Ұсынылып отырған өзгертулер импорттық квоталарды аса тиімді бөлу және квоталардың уақытында бөлінбегендігінен комбайндар нарыққа түспейтін жағдайды болдырмау мүмкіндігін береді, - деді ЕЭК сауда министрі Андрей Слепнев. Сөйтіп, квоталарды тек «тарихи» (астық жинайтын комбайндар мен олардың модульдерін үш жыл ішінде әкелген) импортшылар арасында ғана бөлу импорттық квотаның өз үлесін алғысы келетін жеткізушілерге қатысты ағымдағы жағдайды толық дәрежеде көрсетпейді. Нәтижесінде, қазіргі таңда, мысалы, Ресейде белгіленген импорттық квота көлемінің тек 10% ғана бөлінген.


«Жаңа ережелер бойынша импорттық квотаны 2 кезеңмен бөлу сақталған. Бастапқыда импорттық квота өтінім берген «тарихи» импортшының әкелім көлемінің өтінім берген барлық «тарихи» импортшылардың жалпы әкелім көлеміндегі үлесіне пропорционалды бөлінеді. Содан соң, егер импорттық квотаның көлемі толық бөлінбесе, барлық қалаушылар импорттық квотаның бөлінбеген қалдықтарын алуға өтінім бере алады, олар өтінімде көрсетілген көлемге пропорционалды бөлінеді. Сол уақытта, тауар әкелу қарастырылған, квота қалдықтарын алу өтінімдерін жылдың 1 маусымына дейін емес, 1 сәуіріне дейін беруге болады. Бұл қалдықтар болған жағдайда квоталарды жылдам бөлу және ауыл шаруашылық кәсіпорындары үшін қауіп-қатерлерді азайту мүмкіндігін береді, - деп, Андрей Слепнев түсіндірді.

Шешім ресми жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді.

Бұдан басқа, ЕЭК алқасы 2010 жылдың 21 мамырындағы, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тасымалданатын, тауарлар және көлік құралдары туралы алдын ала ақпаратты ұсыну және алмасу туралы келісімге өзгертулер енгізу туралы хаттама жобасын мақұлдады.