Жүйеге кіру
ЕАЭО-да жариялы еңбек көші-қоны легі артып келеді

ЕАЭО-да жариялы еңбек көші-қоны легі артып келеді

фото для релиза.jpg
06.03.2020

Қырғыз Республикасынан ЕАЭО мемлекеттеріне еңбек көші-қонының мәселелерін талқылауға арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Хатшылығының басшысы Асқар Кішкембаев: «Еуразиялық экономикалық одақтың азаматтарына ұсынылатын және үшінші елдердің жұмысшылары қол жеткізе алмайтын бірыңғай еңбек нарығындағы преференциялар еңбек көші-қонының жариялы болуын арттыруға ықпал етеді», – деп мәлімдеді.

Комиссия өкілі ЕАЭО-да еңбекшілерді зейнетақымен қамтамасыз ету перспективалары, «Шекарасыз жұмыс» біріздендірілген іздеу жүйесін құру, педагогикалық, заң, медициналық, фармацевтикалық мамандықтар бойынша ғылыми атақтар мен білім туралы құжаттарды тікелей тану жайында, сондай-ақ еңбекшілердің жұмысқа орналасу мемлекетінде болу процесінде туындайтын проблемаларын реттеу туралы әңгімеледі.

Статистикалық деректер жариялы еңбек көші-қоны легінің артқанын көрсетеді. Атап айтқанда, 2014 жылы Ресейде, еңбекшілерді қабылдайтын негізгі елде, жұмыс мақсатымен келген 371 656 Қырғызстан азаматы көші-қон есебіне алуға қойылды, ал 2019 жылдың қорытындысы бойынша олардың саны 22% артты және 453 702 адам болды. Ресей Федерациясының жеке дербестендірілген есепке алу жүйесінде сақтандырылған Қырғызстан азаматтарының саны 2019 жылғы 1 шілдеде 475 051 адам болды. 243 527 азаматқа қатысты сақтандыру жарналары есептелді.

            «ЕАЭО-ның бірыңғай еңбек нарығында барлық проблемалық мәселелер бойынша бірыңғай өзара тиімді тәсілдемелерді белгілеу қажет деп ойлаймыз», – деп түйіндеді Асқар Кішкембаев.​