Жүйеге кіру
6 мамырда ЕАЭО-ның парфюмериялық-косметикалық өнімге арналған техрегламентіне өзгерістер күшіне енді

6 мамырда ЕАЭО-ның парфюмериялық-косметикалық өнімге арналған техрегламентіне өзгерістер күшіне енді

06.05.2020
Еуразиялық экономикалық одақ нарығында парфюмериялық-косметикалық өнімнің құрамына қойылатын талаптар нақтыланды – пайдалануға тыйым салынған немесе белгіленген шектеулерді ескере отырып рұқсат етілген заттардың тізбесі, сондай-ақ рұқсат етілген бояулар, консерванттар мен УК-сүзгілердің тізбесі өзектілендірілді. Талаптар ЕО-ның косметика жөніндегі регламентіне сәйкес келтірілді.

 

Сондай-ақ оларға қатысты микробиологиялық көрсетімдер айқындалмайтын тауарлардың жекелеген топтары бөлектеп көрсетілді. Бұл - тырнаққа арналған лактар, шашқа арналған тотықтырғыш бояулар, түксіздендіру құралдары және микроорганизмдердің тіршілік етуі мен көбеюі мүмкін болмайтын басқа да өнімдер.

 

Сәйкестікті бағалау жөнінде, соның ішінде 2018 жылғы сәуірде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі қабылдаған жаңа типтік схемалар ескеріле отырып, бірқатар норма нақтыланды. Дәлірек айтқанда - өтініш беруші декларацияны тіркеу үшін ұсынуға тиісті құжаттардың тізбесі белгіленді, осы құжаттардың аккредиттелген немесе уәкілетті органда сақталу мерзімі айқындалды. Сәйкестік туралы декларацияны қосымша сынақтарсыз, мысалы, өтініш берушінің байланысу деректері немесе сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының коды өзгерген кезде қабылдауға жол берілетін жағдайлар көзделген.

 

Парфюмериялық-косметикалық өнімнің тұтынушылық қасиеттеріне қатысты өтініштердің негізділігінің жалпы критерийлері енгізілді. Енді, мысалы, косметикада қолдануға тыйым салынған заттардың болмауын декларациялайтын өтініштерге жол берілмейді. Ингредиенттің қасиеттері туралы өтініштер өнімнің қасиеттеріне негізсіз қолданылмауға тиіс. Бұдан басқа, бұларға атқарушы билік органдарының мақұлдауы және т. б. туралы ақпараттың кірістірілмегені жөн.

 

ЕЭК Алқасы өткен жылғы шілдеде Одақтың «Парфюмериялық-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы» техрегламентіне өзгерістердің күшіне енуі бойынша жаңа талаптарға біртіндеп көшуді көздейтін өтпелі ережелерді белгіледі. Мәселен, 2020 жылғы 5 мамырға дейін қабылданған сәйкестікті растау туралы құжаттар олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жарамды. 2020 жылғы 5 мамырға дейін берілген мемлекеттік тіркеу туралы құжаттар да 2023 жылғы 5 мамырға дейін жарамды.

 

Бұл ретте сәйкестікті бағалау туралы осындай құжаттар бар болған кезде өнімді өндіруге және ЕАЭО нарығына айналысқа шығаруға олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жол беріледі.

 

Анықтама

«Парфюмериялық-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы» техрегламентке өзгерістер ЕЭК Кеңесінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 32 шешімімен қабылданды.

 ​