Жүйеге кіру
Екатеринбургте ЕЭК Экономика және қаржы саясаты Министрі Тимур Сүлейменовтың төрағалық етуімен Кәсіпкерлік мәселелері бойынша Консультативтік кеңестің үшінші отырысы болып өтті.

Екатеринбургте ЕЭК Экономика және қаржы саясаты Министрі Тимур Сүлейменовтың төрағалық етуімен Кәсіпкерлік мәселелері бойынша Консультативтік кеңестің үшінші отырысы болып өтті.

06.06.2013

5 шілдеде Екатеринбург қаласында ЕЭК Экономика және қаржы саясатының Алқа Мүшесі (Министр) Тимур Сүлейменовтың төрағалық етуімен Кәсіпкерлік мәселелер бойынша Консультативтік кеңестің үшінші отырысы болып өтті.

Отырысқа ЕЭК өкілдері, Ресей Федерациясы Президентінің Әкімшілігі, Беларусь Республикасының Экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Аймақтық даму министрлігі, Ресей Федерациясының Экономикалық даму министрлігі, Свердлов облысы Үкіметінің, УрФО-ға кіретін - Челябинск, Курган, Тюмень облыстарының, Ямал-Ненецк, Ханты-Мансийск автономдық округтерінің - РФ субъектілерінің атқарушы органдарының, кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерінің, сауда-өнеркәсіптік палаталарының, ұлттық және облыстық деңгейдегі іскер және ғылыми ортаның өкілдері қатысты.

ЕЭК Экономика және қаржы саясаты Министрі Тимур Сүлейменов өзінің алғысөзінде: «Кәсіпкерлік бойынша Консультативтік комитет Беларусь, Қазақстан мен Ресейдің – біздің жалпы бизнесіміздің өзекті мәселелерін шешу жолдарын анықтау мақсатында жұмысқа сарапшыларды шақырады», - деп атап өтті. Министр Еуразиялық экономикалық комиссия құрылымы мен интеграцияның негізгі бағыттарын жүзеге асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс барысы туралы айтып берді.

Атап айтқанда, ол қазіргі уақытта КО мен БЭК елдерінде ЖІӨ-дегі қызмет көрсету үлесі 50%-дан жоғары екендігін хабарлады. Бұл жерде өзара қызмет көрсетуді сатудың көптеген салалары бойынша шектеулер байқалады, ал ол бір елдің қызмет көрсетушілерінің басқа серіктес елдер нарығына кіруіне тежеу жасауға әкеліп соқтырады. Нәтижесінде ол азаматтар мен ұйымдарға көрсетілетін қызмет сапасының көбіне жеткіліксіз деңгейде болатынын және қызмет көрсету бағасының өте жоғары болатынын көрсетеді.

Бұдан басқа, ЕЭК өкілі, біздің елдерімізде шикізат экономикасынан инновациялық экономикаға көшу, инвестицияларды тарту, бизнес-жобаларды дамыту үшін зияткерлік меншікті қорғаудың бірыңғай жүйесін құру арқылы зияткерлік меншікті қорғау саласын дамыту қажет деп айтты. Қазіргі уақытта КО аумағында тауарлық белгілер, қызмет көрсету белгілері мен тауарлардың шығу тегінің атаулары туралы Келісім-шарт қабылданды. Сонымен, тауарлық белгілерді құқықтық қорғау саласындағы интеграциялық жоба жоғары деңгейдегі дайындықта тұр. Министр: «Комиссия БЭК-тің Бірыңғай тауарлық белгілерді енгізу арқылы біздің кеден шекарасының барлық периметрі бойынша бірыңғай кеден тізілімдерінде тіркелген отандық, сондай-ақ инвесторлардың тауарларын қорғауды қамтамасыз ете аламыз»,- деп атап өтті.

ЕЭК кәсіпкерлік қызметті дамыту Департаментінің директоры Рустам Ақбердин ЕЭК кәсіпкерлік қызметті дамыту Департаменті мен Комиссия жанындағы кәсіпкерлік мәселелер бойынша Консультативтік комитеттің мақсаттары, міндеттері мен функциялары туралы баяндама жасады. Бұдан басқа, ЕЭК өкілі Кәсіпкерлікті дамыту бойынша Комиссия жұмысы, реттеу әсерін бағалауды өткізу механизмі, атап айтқанда, Алқа Мүшелері (Министрлер) мен Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттерінің Біртұтас экономикалық кеңістік және Кеден одағы аумағында кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттарына әсер етуді бағалау туралы Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдерінің жобасын дайындау барысындағы өзара әрекеттестігі туралы Ереже жобасы бойынша Комиссия жұмысы туралы айтып берді.

Консультативтік комитет отырысына қатысушылар Ресейде, соның ішінде Свердлов облысында, реттеу әсерін бағалауды жүзеге асыру барысында бизнес пен Үкімет арасындағы өзара әрекеттестік тәжірибесі туралы баяндамаларды тыңдады. Бұл баяндамалар іскер және ғылыми ортада үлкен қызығушылық тудырды.

Отырыста КО аумағында өзін-өзі реттейтін бизнес ұйымдарды дамыту мәселелері туралы да ашық айтылды. Ресейдің ӨРҰ дамыту бойынша тәжірибесі Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасының Консультативтік кеңес мүшелерінің қызығушылығын тудырды.

Бұдан басқа, КО мен БЭК шеңберінде трансшекаралық инвестициялар мен кәсіпкерлік қызмет үшін салық және өзара байланысқан әкімшілік кедергілерді жою мәселелері қаралды.

ОрФО іскерлік ортасы үшін тауарлардың өзара айналымындағы әкімшілік кедергілерді, Ресей Федерациясы Орал Федерациялық округінің шаруашылық субъектілеріне кездесетін Беларусь және Қазақстанмен қызмет көрсету және инвестицияларды талдауға арналған баяндамалар, сонымен қатар ЕЭК өкілдерінің ОрФО бизнесінің өзекті мәселелеріне жауаптары мен кеңестері айтарлықтай қызығушылық тудырды.

Консультативтік кеңес отырысының қорытындысы бойынша ЕЭК Экономика және қаржы саясатының Алқа Мүшесі (Министр) Тимур Сүлейменов баспасөз брифингі барысында тілшілердің сұрақтарына жауап берді.