Жүйеге кіру
Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры Рустам Ақбердин басқарған ЕЭК делегациясы 7-ші Еуроазиялықлық құқықтық конгресс жұмысына қатысты.

Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры Рустам Ақбердин басқарған ЕЭК делегациясы 7-ші Еуроазиялықлық құқықтық конгресс жұмысына қатысты.

06.06.2013

6 шілдеде Екатеринбург қаласында ЕЭК Кәсіпкерлік қызметті дамыту Департаментінің директоры Рустам Ақбердин 7-ші Еуроазиялықлық құқықтық конгресс шеңберінде экономика, қаржы, салық салу және кедендік қарым-қатынастар саласында халықаралық серіктестік пен интеграцияны құқықтық қамтамасыз ету бойынша Сарапшылар тобының отырысына қатысты. ЕЭК өкілі «ДСҰ құқығы: тауарлар айналымы және мемлекеттік қолдау шаралары» сессиясында салық және басқа да механизмдерді қолдана отырып, тауарлар сатудағы жасырын кемсітушілік шаралары туралы баяндама жасады. Ол Кеден одағында алкоголь өнімдерін сатуды мысал ретінде келтірді.

Сөз сөйлеу барысында Рустам Ақбердин КО мен БЭК мүше мемлекеттердің алкоголь өнімдерін сату нарығындағы жағдайлары туралы, ондағы істердің жағдайы туралы айтып берді. Атап айтқанда, ол қазіргі уақытта алкоголь өнімдерін өзара сату «үштік» арасында өте қиындағанын атап өтті.

ЕЭК Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директорының айтуы бойынша, алкоголь өнімдері нарығының тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін ЕЭККО мен БЭК аумағында этил спирті мен алкоголь өнімдерінің өндірісі мен айналымы туралы Келісім жобасын дайындады. Келісім жобасының басты қағидаты, алкоголь өнімдерінің ұлттық режимі жол беретін кемсітушілікке қарсы жол бермейтін қағидат, және бір Тараптың аумағында екіншісіне ілеспе қызмет көрсету болып табылады деп атап көрсетті Рустам Ақбердин. Сонымен бірге, ЕЭК өкілі осы айтқанына қоса, Келісім Тараптар мемлекеттерінің арасында алкоголь өнімдерінің тек айналымын ғана көбейтіп қоймайды, сонымен қатар алкоголь өнімдерінің нарығын реттеуді жақсартады және осы салаға жаңа инвестициялар келуіне ықпал етеді деп қосты.

ЕЭК Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің бөлім бастығы Валерий Захаров, өз кезегінде, Қызмет көрсету бойынша Бас келісімнің жекелеген ережелеріне, саудамен байланысты инвестициялық шаралар бойынша келісімге, Біртұтас экономикалық кеңістікке қатысушы мемлекеттерде қызметті сату және инвестициялар бойынша Келісіммен РФ-ге қатысты қызмет көрсету саласында жол берулер мен міндеттемелерді ескере отырып, ЕО директиваларына салыстырмалы талдау жүргізді.

ЕЭК Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің адвокаттандыру бөлімі бастығының орынбасары Артем Юлегин Еуразиялық экономикалық комиссияның актілері жобаларының ДСҰ стандарттарының контекстінде нормативтік реттеу транспаренттігі бойынша кәсіпкерлік қызмет шарттарына әсер етуін бағалаудың тәртіптерін енгізу туралы хабарлама жасады.

Анықтамалық ақпарат.

Еуроазиялық құқықтық конгресті Ресейдің заңгерлер Қауымдастығы мен ғылыми-сарапшылар қоғамдастығы Үкімет, бизнес және ғылыми орта өкілдерін белсенді қатыстыру барысында құқық саласында зерттеулер мен жобаларды үйлестіру үшін пікірталас алаңын құру мақсатында 2007 жылы құрған болатын.