Жүйеге кіру
ЕАЭО және Қытай кедендік ақпаратпен алмасу туралы Келісімге қол қойды

ЕАЭО және Қытай кедендік ақпаратпен алмасу туралы Келісімге қол қойды

06.06.2019

6 маусымда Санкт-Петербургте Петербург халықаралық экономикалық форум өрісiнде Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) және Қытай Халық Республикасы (ҚХР) кедендік шекаралары арқылы орын ауыстыратын тауарлар мен халықаралық тасымалдаудың көліктік құралдары туралы ақпаратпен алмасу туралы Келісімге қол қойылды.
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян, Армения Республикасының Вице-премьер-министрі Мгер Григорян, Беларусь Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Игорь Петришенко, Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смаилов, Қырғыз Республикасының Вице-премьер-министрі Жениш Разаков, Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары – Ресей Федерациясы қаржы министрі Антон Силуанов және ҚХР шетел істерінің министрі Ван И Халықаралық келісімді өз қолдарымен бекітті.
«Біздің кедендік қызметтеріміздің арасында ақпаратпен алмасу халықаралық сауда рәсімдерін оңайлатып, ЕАЭО және Қытай Халық Республикасы арасында одан да терең экономикалық қатынастардың дамуына жәрдемдеседі деп сеніп отырмыз», -деп мәлімдеді қол қою кезінде Тигран Саркисян.
ЕАЭО елдері мен Қытай кедендік қызметтері арасында ақпараттық алмасу туралы келісім Одақ пен ҚХР кедендік аумақтарына әкелінетін тауарларды кедендік ресімдеу рәсімдерін жеделдетеді, сондай-ақ келісімге қатысатын елдердің транзиттік тартымдылығын арттырады.