Жүйеге кіру
Михаил Мясникович Нұрсұлтан Назарбаевты мерейтойымен құттықтады

Михаил Мясникович Нұрсұлтан Назарбаевты мерейтойымен құттықтады

06.07.2020

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті төрағасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты мерейтойымен құттықтады.

«Менің шын жүректен шыққан құттықтауымды қабыл алыңыз! Бұл мерейтой Сіздің  қазіргі заманғы тәуелсіз Қазақстанды құрудағы көрнекті рөліңізді, нақ Сізге тиесілі Еуразиялық экономикалық одақты құру идеясының жүзеге асуына, оның қалыптасуы мен дамуына қосқан зор жеке үлесіңізді атап көрсетудің сәтін тудырып отыр»,- делінген құттықтау хатта. ЕЭК Алқасының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевты нағыз ұлт көшбасшысы, Еуразия халықтарының достығы мен өзара тиімді ынтымақтастығы мұраттарына берілгендіктің жарқын үлгісі болып  табылады деп атап көрсетті.

Михаил Мясникович Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің бай өмірлік және саяси тәжірибесі, оның даналығы мен ауқымды ой-мақсаты әлі де ұзақ уақыт бойы континенттік интеграциялық процестерде қажетті сұраныста бола береді деген сенімін білдірді.​