Жүйеге кіру
ЕЭК Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті делегациясының Қырғыз Республикасына жұмыс сапары өтіп жатыр

ЕЭК Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті делегациясының Қырғыз Республикасына жұмыс сапары өтіп жатыр

06.08.2014

4 тамыздан 7 тамызға дейін Бішкекте Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті делегациясының оның директоры Рустам Ақбердиннің басшылығымен Қырғыз Республикасына жұмыс сапары өтіп жатыр.

Сапардың негізгі мақсаты Қырғыз Республикасының мемлекеттік органдарының өкілдерімен Қырғыз Республикасының Белоруссия, Қазақстан мен Ресейдің кеден одағына (КО) қосылуы бойынша «жол картасында» қарастырылған, қызметтер саудасы, инвестициялар, зияткерлік меншікті қорғау және күзету, еңбек көші-қоны саласындағы іс-шараларды орындау барысында талқылау болып табылады.

Атап айтқанда, жұмыс сапардың шеңберінде Қырғыз Республикасының мемлекеттік органдарының өкілдерімен Департамент басшылары мен қызметкерлерінің жиналысы болып өтті, оның шеңберінде қызметтер саудасы мен инвестициялардың мәселелері талқыланды.

Жиналыс барысында ЕЭК Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры Рустам Ақбердин 2014 ж. 29 мамырында Астана қаласында КО мен БЭК мүше-мемлекеттердің басшылары қол қойған, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың XV «Қызметтер саудасы, құру, қызмет және инвестиция жасау» бөлімінің негізгі ережелері туралы әңгімеледі. 

ЕЭК өкілі бөлімде жеке қызметтер секторында Тараптармен келісілген бірыңғай қызметтер нарығын кезеңмен құру назарда ұсталғаны, олар бойынша мыналарды қамтитын  ең жоғарғы қол жетерлік еркіндік деңгейі ұсынылатыны туралы әңгімелеп берді:

- заңды тұлға ретінде қайта құрудан босату;

- қызмет көрсету бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензиялар мен өзге рұқсат құжаттарды тану;

- қызметтерді жеткізушілердің қызметкерлер құрамының біліктілігін өзара тану.

Рустам Ақбердин сонымен қатар  Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта (ЕЭО) қызметтерді алушылардың (тұтынушылардың) құқықтары алғаш бекітілгенін және жаңалық ретінде Біртұтас экономикалық кеңістік шеңберіндегі келісіммен бұдан бұрын қамтылмаған, қызметтерді жеткізудің жаңа тәсілі, - жеке тұлғалардың қатысуымен қызмет көрсету мүмкіндігі қарастырылғанын хабарлады.

Тәжірибе растайтындай, қызметтер саудасының саласы бірқатар жағдайлар үшін, атап айтқанда, әрекет ететін қызмет секторларының үлкен көлемі; көптеген қызметтер секторларының өз ерекшелігінің болуы; Тараптар үшін әрбір жеке қызметтер секторының «сезімталдығының» (экономикалық маңыздылығының) әртүрлі деңгейі; ұлттық заңнамаларда қызмет секторларын ішкі реттеудегі айырмашылықтар болғандықтан келіссөздер жүргізу үшін дәстүрлі күрделі болып табылады. 

Қырғыз Тарапының өкілдерінің сұрақтарына байланысты ЕЭК департаментінің директоры, Қырғыз Республикасының қызметтер мен қызметтерді жеткізушілер үшін ұлттық режимнен шектеулер мен алып тастауларды енгізу бойынша ұсынымдары болса, осы ұсынымдарды барлық қалған Тараптармен келісуі қажеттілігін, бұл үшін әріптестерді осындай шектеулер мен алып тастауларды енгізу негізділігіне сендіру қажеттілігін хабарлады. 

«Шартта қызметтер мен қызметті жеткізушілерге алып тастауларсыз ұлттық режимді ұсыну презумпциясы көзделеді, ал алып тастаулардың ерекшеліктері ретінде сақталатын барлығы Тараптармен нақты белгіленіп, негізделуі және келісілуі керек. Осыған орай келіссөздер жүргізудің мүмкін нұсқасы Тараптардың шаруашылық жүргізетін субъектілерінің өзара қол жетімдігі үшін қандай да бір қызметтер секторын (нарығын) «ашу» бойынша мүше-мемлекеттердің өзара жол беруі болып табылады», - деп баса айтты Рустам Ақбердин.

ЕЭК өкілі өзінің жасаған баяндамасында Тараптардың жекелеген тауар санаттарымен, атап айтқанда, алкогольдік өнімнің өзара саудасы бойынша қолданыстағы алып тастаулардың тақырыбын қозғады.

Тауарлардың жекелеген тауарлары бойынша (алкоголь, темекі, медициналық бұйымдар, дәрілік құралдар, мұнай, газ, мұнай өнімдері, автокөліктер, балық) Тараптарда бұрынғыдай ұлттық заңнамалармен қарастырылған алып тастаулар бар, олар осы тауарлардың өзара саудасы бойынша орын ауыстырудың толық еркіндігін шектейді және оларды жою бойынша Еуразиялық экономикалық комиссия Тараптармен бірге жоспарлы жұмыс жүргізуде. 

«Атап айтқанда, алкоголь бойынша біздің Департамент Келісім (халықаралық шарт) жобасын әзірледі, қазіргі уақытта ол Тараптардың мемлекетішілік келісім рәсімдерінің жүргізілуін аяқтау сатысында. Мысалы, бүгінгі күні Белоруссиялық алкоголь нарығы Қазақстан мен Ресейден өнімдерді жеткізу үшін шамамен жабық болып табылатынына қарамастан, жүргізілген келіссөздердің қорытындысы бойынша Беларусь Республикасы келешекте Беларусь Республикасының аумағына, соның ішінде КО мен БЭК өзге мүше-мемлекеттердің аумақтарынан алкогольдік өнімді әкелу бойынша қызметке қол жетімдігін шектейтін, «арнайы импорттаушылар» рәсімін қолданудан бас тартуға келісті», - деп әңгімеледі Рустам Ақбердин.

Бұдан басқа, ағымдағы жылдың 6 тамызында реттеуші әсерді бағалау (РӘБ) және ұйымдастыру саласында тәжірибе алмасу бойынша ЕЭК Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің делегациясының Қырғыз Республикасының өкілетті мемлекеттік орган өкілдерімен және бизнес-қауымдастық өкілдерімен жұмыс кездесуі болып өтті. «Біз Қырғыз Республикасында қолданылатын ұлттық нормативтік құқық актілері жобаларының реттеуші әсерін бағалау тәжірибесін жоғары бағалаймыз және осы саладағы тәжірибемен алмасқымыз келеді, себебі Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдер жобасының реттеуші әсерін бағалау рәсімін 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап ұлттықтан жоғары деңгейде енгізу керек», - деп атап өтті Рустам Ақбердин.