Жүйеге кіру
Интернет-сауда қағидалары ортақ болу керек

Интернет-сауда қағидалары ортақ болу керек

Фото-Цифра.jpg
06.09.2019

В2В және В2С мәмілелерінің цифрлы ортаға өту көлемінің артуы жалғасып келе жатқанына байланысты әлем саудасы үшін жаңа мүмкіндіктер мен эволюциялық сын-тегеуріндер, қоғамның экономикалық және әлеуметтік өмірін цифрлы трансформациялаудың өзекті беталысы, сондай-ақ ресейлік өндірушілердің ғаламдық цифрлық экономикаға қатысуы үшін қолайлы жағдай жасау үшін қажетті шаралары 5 қыркүйек күні Шығыс экономикалық форумында «Халықаралық сауданы цифрлық трансформациялау: электронды коммерция және өзгесі» панельді сессия барысында талқыланды.

Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Вероника Никишина баяндама жасау барысында цифрлық саудадағы тиімді мемлекеттік реттеуді қалыптастыру маңыздығын атап өтті. Ол мемлекеттік шаралардың реттеуші әсерінің пропорционалдығын қамтамасыз ету қажеттілігіне, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) кеңістігінде цифрлық ортада жұмыс істейтін қазіргі заманғы бизнесті құруға ынталандыру, экономиканың дәстүрлі секторларын электронды саудаға енгізу, тұтынушылар құқығын және олардың дербес деректерін қорғау қажеттілігіне ерекше көңіл бөлді.

ЕЭК министрінің пікірі бойынша, цифрлық сауда шамамен әрбір үй мен кеңсеге келген экономикалық қатынастардың трансформациясына байланысты Одақ бірқатар реттеушілік сын-тегеуріндерге тап болады. Бұл В2С сегментінде трансшекаралық цифрлық сауда операцияларын жасау кезінде ҚҚС төлеудің күрделілігі, сауданың электронды арналары бойынша сатып алынатын және пошта жөнелтілімдерінде жеткізілетін өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері.

«Тауарайналынымының дәстүрлі арналарын реттеу үшін онжылдап жазылған сауданың халықаралық және ұлттық қағидалары бүгінгі таңда цифрлық сауданы реттеу үшін тиімсіз әрі жеткіліксіз болып қалады. Енгізілетін жаңа реттеу бір жағынан тиімді және екінші жағынан - кәсіпкерлерді артық шектемейтіндей болу үшін, біздің құзыретте басқа елдермен салыстырғанда бизнесті дамыту үшін нашар жағдай жасамайтындай болуын қамтамасыз ету біз үшін өте маңызды», – деді Вероника Никишина.

ЮНКТАД статистикасына сәйкес, елдердің көп бөлігі – 79%-ның Интернет-операциялар жүргізу саласындағы заңнамасы бар, елдердің 52%-ы тұтынушылар құқығын қорғау саласында заңнама жасап шығарды, ал 58% – дербес деректерді қорғау саласында, елдердің 72% кибер қылмыстармен күрес саласында заңнаманы қабылдады.

ЕЭК министрінің айтуы бойынша, ЕАЭО елдері электронды коммерциядағы халықаралық стандартты әзірлеу саласында белсенді ойыншылар болу керек. Осындай жұмыс алаңы ДСҰ болуы мүмкін, ол дәстүрлі саудада жасалғандай, терминологиясы және өзекті сәттерімен Интернет-сауданы реттеу қағидаларының пакетін барынша жылдам дайындау керек, бұл көп жылдар бойынша халықаралық сауда үшін базис қызметін атқарады. «Әзірге біздің мұндай халықаралық стандарттарымыз жоқ, біз еркін сауда және сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы жасалатын келісімдердің тиісті бөлімдері арқылы Одақтың негізгі серіктестерімен саудадағы құқықтық вакуумды толтыра отырып, осы міндетті шешуге тырысамыз», – деді Вероника Никишина.

Сессияға Ресей Федерациясының Үкіметі Төрағасының Орынбасары Максим Акимов, Ресей Федерациясының өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары – статс-хатшы Виктор Евтухов, “Почта России” ФМУК бас директоры Николай Подгузов, «Российский экспортный центр» АҚ-тың бас директоры Андрей Слепнев және басқалары қатысты.