Жүйеге кіру
Нұрлан Алдабергенов тың төрағалығымен Қостанайда «Біртұтас экономикалық кеңістік аумағында тең бәсекелестік жағдайларын қамтамасыз етудің құқықтық аспекттері» халықаралық конференциясы болып өтті

Нұрлан Алдабергенов тың төрағалығымен Қостанайда «Біртұтас экономикалық кеңістік аумағында тең бәсекелестік жағдайларын қамтамасыз етудің құқықтық аспекттері» халықаралық конференциясы болып өтті

03.10.2014

2 қазан күні Қостанайда (Қазақстан Республикасы) Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) бәсекелестікті адвокаттандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде «Біртұтас экономикалық кеңістік аумағында тең бәсекелестік жағдайларын қамтамасыз етудің құқықтық аспекттері» тақырыбында халықаралық конференция өткізді.

Іс-шарада ЕЭК Бәсекелестік пен монополияға қарсы реттеу бойынша Алқа мүшесі (Министр) Нұрлан Алдабергеновтің төрағалығымен Қазақстан Парламентінің депутаттары, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясының мемлекеттік орган өкілдері, Кеден одағы (КО) мен Біртұтас экономикалық кеңістікке (БЭК) мүше-елдердің бизнес-қауымдастық, ғылыми топ өкілдері қатысты. 

Конференцияның модераторы Қостанай облысы әкімінің орынбасары Мұрат Дәрібаев болды, ол  мыналарды атап өтті, «Біртұтас экономикалық кеңістік аймақ кәсіпкерлеріне одақтық мемлекеттер нарығында тауарларды жылжытумен айналысу мүмкіндігін берді. Экспорт кедергісіз болды; кейбір өндірістер ресейлік және Белоруссиялық технологияларды тарту есебінен дамып келеді; еңбек ресурстарының еркін қозғалысы да өз рөлін атқаруда». 

Нұрлан Алдабергенов конференция шеңберінде баяндама жасады, онда ЕЭК өкілі Кеден одағына енгеннен кейін БР, ҚР мен РФ өзара сауда көлемінің 2010 жылғы 47 135 млн. АҚШ доллардан 2013 жылы 64 136 млн. АҚШ долларға дейін артқанын атап өтті. Оның айтуы бойынша, Ресейге және Белоруссияға жекелеген қазақстандық тауарлардың экспорты КО-на енгеннен кейін айтарлықтай өсті. Мысалға, бидай экспорты 10 есе, макарон – 2,7 есе, ет консервілері – 3,4 есе, бидай ұны – 8 есе, электр энергиясы – 2,6 есе және т.б. артты. 

Бұдан басқа, Нұрлан Алдабергенов Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын жетілдіруге ерекше назар аударды. ЕЭК Министрі атап өткендей, 2013 жылдың қазан айында «Бәсекелестік туралы» модельдік заң қабылданды, ол КО мен БЭК мүше-мемлекеттердің Бәсекелестікті қорғау туралы заңының негізгі ережелеріне бірыңғай амалдарды белгілейді. «Үш ел арасындағы өзара саудада Біртұтас экономикалық кеңістік аумағында бәсекелестік саясат саласындағы экономикалық қатынастарды құқықтық реттеудің жақындауын қамтамасыз ету маңызды. Бұл «Бәсекелестік туралы» модельдік заңның мақсаты болып табылады», - деп ерекшелеп өтті Нұрлан Алдабергенов.

Атап айтқанда, ЕЭК Министрі, қазіргі уақытта Қазақстан үшін ұлттық заңнамаға отандық өндірушілерді қолдауға, ішкі нарықты қорғауға, инвестицияларды тартуға, тауарларды сыртқы нарыққа жылжытуға және бағаларды төмендетуге бағытталған жаңа нормаларды енгізу керектігін хабарлады. Нұрлан Алдабергенов, аталған нормалардың жиынтығы Қазақстанның бәсекеге қабілеттік рейтингіндегі ұстанымын күшейту және шетел, соның ішінде үшінші елдерден серіктестерімен «тең» бәсеке күресін жүргізу мүмкіндігін беретіндігін атап өтті. 

Сонымен қатар ЕЭК Министрі іс-шара шеңберінде трансшекаралық тауар нарықтарын зерттеу мәселелерін қозғады. Осы кезеңде, ол хабарлады, табиғи газ, электр энергиясы, автомобильдер, азық-түлік тауарлары, мұнай мен мұнай өнімдері, халықаралық әуе және т/ж тасымалдары, халықаралық байланыс қызметтері және т.б. нарық зерттелуде. ЕЭК жүргізген зерттеу нәтижелері көрсетті, синтетикалық жуу құралдарының (СЖҚ) нарығында Қазақстандағы ішкі сұранысты қанағаттандыру үшін меншік өндіріс көлемінің тапшылығы байқалады. Тапшылық 95%-дан астамын құрайды. Бұл ретте импорт құрылымындағы негізгі үлесті (65%) Ресейден әкелінген тауарлар құрайды. Бұл бағытта үстем жағдайдың теріс пайдаланылу салдарынан негізсіз жоғары бағалардың белгіленуін болдырмау мақсатында Қазақстанның өкілетті органдарына Қазақстан Республикасының аумағына СЖҚ жеткізу схемаларын талдау, сонымен қатар меншік өндірісті дамыту ұсынылды. 

Нұрлан Алдабергенов жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау нарығы туралы айта отырып, Қостанай– Мәскеу, Челябинск – Мәскеу маршруттарын мысал ретінде келтірді. Олардың арасындағы қашықтық 1696 км және сәйкесінше 1522 км. Қостанай-Мәскеу әуебилетінің ең төмен тарифі «Эйр Астана» желілерінде - 58736 теңгені, «Трансаэро» желілерінде - 57 056 теңгені құрайды, ал қостанайшылар қалайтын Челябинсктен Мәскеуге дейінгі әуе маршрутына әуе билеті 2,5 есе арзан және 21 550 теңгені құрайды. Сол уақытта, жолаушыларды теміржол көлігімен шамамен бірдей қашықтықта Мәскеу –Қостанай, ҚР (2 269 км), Мәскеу – Ішім, РФ (2272 км) және Астана – Шетпе, ҚР (2 321 км) тасымалдау бағаларын салыстыру 350% дейінгі айырмашылықты көрсетті. Баяндамашы осы проблемаларды шешу үшін бейінді министрліктердің баға белгілеуді қарау және әуе- және теміржол тасымалдарының нарығындағы бәсекелестікті күшейту қажеттігін көрсетті.  

Бұдан басқа, конференцияда параллельді импорт мәселесі талқыланды. ЕЭК өкілдері атап өткендей, тәуелсіз жеткізушілер мен ресми дилерлер арасындағы бәсекелестікті дамыту арқылы оның жекешелендіру импортталатын бренд тауарларының бағасын айтарлықтай төмендету мүмкіндігін береді. 

Қорытындысында Нұрлан Алдабергенов қатысушыларға ұқсас халықаралық конференциялар Уфа, Калининград, Минск және Тараз сияқты қалаларда жүргізілгені туралы хабарлады. ЕЭК Министрінің айтуы бойынша, 2014 жылдың қараша айында Витебскте ұқсас конференцияны өткізу жоспарлануда.