Жүйеге кіру
ЕЭК Монополияға қарсы реттеу департаментінің өкілдері трансшекаралық тауар нарықтарын зерттеу нәтижелері туралы әңгімеледі

ЕЭК Монополияға қарсы реттеу департаментінің өкілдері трансшекаралық тауар нарықтарын зерттеу нәтижелері туралы әңгімеледі

02.10.2014

1 қазан күні Уфада жекелеген экономика салаларындағы бірыңғай сауда ережелерін құру тәжірибесі мен әділетсіз бәсекелестік мәселелері бойынша жұмыс кеңесінің шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Монополияға қарсы реттеу департаментінің өкілдері трансшекаралық тауар нарықтарын зерттеу нәтижелері туралы хабарлады. 

Жұмыс кеңесіне ЕЭК, Башқұртстан Республикасы бойынша Федералды монополияға қарсы қызмет басқармасы, Башқұртстан Республикасының Құрылтайы – Мемлекеттік жиналыс, Башқұртстан Республикасының экономикалық даму министрлігі, Башқұртстан кедені, Башқұртстан Республикасының сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау бойынша мемлекеттік комитет өкілдері және басқалар қатысты. 

ЕЭК Монополияға қарсы реттеу департаментінің өкілдері кеңесте аймақтық құқықты жоққа шығару қағидатын қолданудан жаңа автомобильдер мен оларға қосалқы бөлшектердің көтерме нарығы үшін салдары туралы әңгімеледі. Кеңеске қатысушылар аталған нарықтағы бәсекелестікті шектеу, соның ішінде көтерме сауда ережелерін енгізу арқылы шектеудің теріс салдарын жою тәсілдерін талқылады. Бұл ретте ЕЭК Монополияға қарсы реттеу департаментінің өкілдері, тауар сатушылардың өзара қатынастарының үрдістеріне мемлекеттің араласуы салмақты амалды талап етеді және тауар белгілерінің құқық иеленушілерінің мүдделерін қорғау үшін қажеттігіне қарағанда көбірек дәрежеде бәсекелестікті шектемеу керектігін атап өтті. 

Кездесу нәтижелері бойынша тауарларды еркін өткізу үшін ұсынымдарды одан әрі бірігіп әзірлеу қажеттігі туралы шешім әзірленді.