Жүйеге кіру
ЕЭК пен Корея ынтымақтастықтың өзара тиімді форматын іздеуде

ЕЭК пен Корея ынтымақтастықтың өзара тиімді форматын іздеуде

06.10.2016

5 қазанда Еуразиялық экономикалық комиссия, Еуразиялық экономикалық одақ елдері және Корея Республикасы өкілдерінің сауда қатынастарының қазіргі жай-күйін және оларды дамыта түсудің ықтимал жолдарын нысаналы талқылауға арналған кездесуі өтті. 

Кездесу шеңберінде ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Вероника Никишинаға және Кореяның Сауда, өнеркәсіп және энергетика министрінің орынбасары Хак-До Кимге Бүкілресейлік сыртқы сауда академиясы мен  Корея экономикалық саясат институты дайындаған зерттеулердің қорытындылары, сондай-ақ олардың ынтымақтастықты дамытудағы өзара неғұрлым тиімді форматтар жөніндегі ұсынымдары ұсынылды. Құжатпен танысып, тараптар шикізаттық емес сауда, инвестициялар тарту, сондай-ақ тарифтік емес тосқауылдарды азайту салаларындағы ынтымақтастықтың түрлі мәселелері спектрін талқылады.

«Зерттеу біздің елдеріміздің сауда-экономикалық қатынастарын ұлғайтудың елеулі әлеуеті бар екендігін көрсетіп отыр, алайда бұрынғыша, бізге толық көлемде өзара мүдделерді қанағаттандырып отыратындай уағдаластықтарды бекітудің оңтайлы форматын табу үшін жеткілікті түрде бірлескен ауқымды жұмыс жасау керек. Біз қос тараптың қажетті жігері мен сындарлы тәсілдемесі болған кезде өзара қолайлы уағдаластықтарға серпінді қол жеткізу үшін кедергілер көріп отырған жоқпыз», – деп атап айтты кездесу қорытындысы бойынша Вероника Никишина.

Қазіргі уақытта Еуразиялық экономикалық одақ пен Корея еркін сауда туралы келісім жасасудың мүмкіндігі бойынша консультациялар өткізуде.

«Біз Корея үшін еркін сауда аймағын қалыптастыру оңтайлы шешім болып табылып отырғандығын түсінеміз, алайда оны ықтимал толықтыру мәселесі бойынша әзірге екі тараптың өзара түсіністігі болмай отыр, сондықтан ЕАЭО-ның мұндай келіссөздерге кірісу керек пе/жоқ па деген шешімі осыған байланысты болмақ», – деп толықтырды ол.

Өткен кездесу нәтижелерін таяу уақытта Одақ елдерінің үкімет басшыларының орынбасарлары талқылайды және содан кейін алдағы қадамдар бойынша шешімдер қабылданбақ.