Жүйеге кіру
ЕЭК «Бәсекелестікті қорғау және айрықша құқықтар. БЭК аумағында еркін сауда үшін жағдай жасау» халықаралық конференциясын өткізді

ЕЭК «Бәсекелестікті қорғау және айрықша құқықтар. БЭК аумағында еркін сауда үшін жағдай жасау» халықаралық конференциясын өткізді

31.10.2014

30 қазан күні Алматыда (Қазақстан Республикасы) Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) «Бәсекелестікті қорғау және айрықша құқықтар. БЭК аумағында еркін сауда үшін жағдай жасау» халықаралық конференциясын өткізді.

Конференцияға Қазақстан Республикасы Парламентінің, РФ Мемлекеттік Думасының депутаттары, Ресей Федерациясындағы Қазақстан Елшілігінің өкілдері, Еуразиялық экономикалық қауымдастық соты, мемлекеттік билік органдары, Кеден одағы (КО) және Біртұтас экономикалық кеңістікке (БЭК) мүше-елдердің бизнес-қауымдастық пен ғылыми топ өкілдері қатысты. Конференцияның модераторы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Николай Логутов болды. 

Халықаралық конференция шеңберінде қатысушылар параллельді импортқа тыйым салу салдарын және КО мен БЭК-тегі зияткерлік меншікке құқықтарды жоққа шығару режимі өзгерістерінің келешегін талқылады. «Параллельді импорт тауар өнімінің ассортиментінің ұлғаюына, бағаның төмендеуіне және бәсекелестіктің дамуына себепші болады. Бұл ретте, осы қағидаттың оқшауланған өндірісі бар нарықтарға қолданылмауы маңызды», – деп атап өтті өз баяндамасында ЕЭК Бәсекелестік пен монополияға қарсы реттеу бойынша Алқа мүшесі (Министр) Нұрлан Алдабергенов. 

РФ ФҚ Мемлекеттік Думасының Конституциялық заңнама мен мемлекеттік құрылыс бойынша комитет Төрағасының бірінші орынбасары Вячеслав Лысаков мынадай ұқсас көзқарасын білдірді: «Біз халықаралық жоққа шығару қағидаты туралы еркін сауда, еркін бәсекелестік мүмкіндігін туралы айтып отырмыз. Осындай параллельді импорт тек мемлекетке ғана емес, сондай-ақ ең алдымен барлық тұтынушыға тиімді болады». 

Бұдан басқа, сарапшылардың айтуы бойынша, параллельді импортқа тыйым салу кіші және орта бизнестің дамуын тежейді. «Автобөлшектерді әкелімді шектейтін және паралельді импорттаушыларға жұмыс істеу мүмкіндігін бермейтін, ресми құқық иеленушілерге ғана әкелу мүмкіндігін беретін құқық нормалары заңмен бекітілген», – деп мәлімдеді «Қазақстанның тәуелсіз автобизнес одағы» ЗТҰ басқарма төрағасы Павел Ким. Ол параллельді импортты жүргізудің «плюстері» ретінде тауар бағасын, сапасын және оның кең ассортиментін атап өтті. 

Тауар белгілеріне қатысты параллельді импорт жолы бойынша АҚШ, Жапония, Австрия, Жаңа Зеландия, Швейцария, Канада, Оңтүстік Корея сияқты елдер және Латын Америкасы мен Азияның бірқатар дамып келе жатқан елдер еріді. Жапонияның әділетті сауда бойынша комиссия хатшылығының өкілі Садааки Сувазоно конференцияға қатысушыларға Жапонияның тәжірибесі туралы  әңгімеледі. Оның айтуы бойынша, он жылдан астам бойы оның елі параллельді импортты қолданып келеді. Бұл тауар нарықтарындағы бәсекелестікке және елдегі монополизациямен күреске себепші болады. 

Конференция қорытындылары бойынша бұрыштама қабылданды, онда қатысушылар Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕЭО) 2015 жылы өндірісі оқшауланған нарықтарды қоспағанда, барлық тауар нарықтарында құқықтарды жоққа шығарудың халықаралық қағидатына өтуін қолдады. Сонымен қатар қатысушылар 2018-2020 ж.ж. ЕЭО-тағы параллельді импортты шектеуден толық бас тартуын қолдады. ​