Жүйеге кіру
Вероника Никишина: «ДСҰ реформасы сауданың көпжақты қағидаларының тиімділігін және протекционизмнің өсуін пәрменді тежеуді қамтамасыз етуге тиіс»

Вероника Никишина: «ДСҰ реформасы сауданың көпжақты қағидаларының тиімділігін және протекционизмнің өсуін пәрменді тежеуді қамтамасыз етуге тиіс»

IMG_9672.jpg
06.11.2019

Шанхайда (Қытай Халық Республикасы) Халықаралық сауда-экономикалық форумы шеңберінде өткен «ДСҰ реформасы және еркін сауда туралы келісім: мүмкіндіктер мен перспективалар» сессиясына қатысушылар Дүниежүзілік сауда ұйымын (ДСҰ) реформалау, сондай-ақ ДСҰ нормалары мен еркін сауда аймағы (ЕСА) туралы келісімнің өзара байланыстылығы мәселелерін талқылады.

 

Пікірсайысқа қатысушылар халықаралық қоғамдастықты әлемнің барлық елінің инклюзивті дамуының қажетті элементі ғана емес, сонымен бірге өңірлік әрі жаһандық тұрғыда кооперациялық байланыстардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін барлық еркін сауда туралы замани келісімдер үшін негіз болып табылатын көпжақты сауда қағидаларына жауапкершілкпен қарауға шақырды.

 
Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Вероника Никишина ДСҰ-да сауда дауларын шешу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажеттігін, бүгінде ұйымның экономикалық жағынан дамыған және дамушы мүшелерінің көбінесе жанжалды көзқарастары ілесе жүретін дамудың күн тәртібіне қатысты келіссөздерге салмақты қарауды айрықша атап өтті. «Келіссөз процесінің табысты болуы үшін, бірінші кезекте, тараптар ДСҰ-дағы қазіргі бар келіспеушіліктердің пайда болуына алып келген проблемаларды ашық шешуге ұмтылуы қажет. Жаңа келіссөздердің мақсатын, соның ішінде ауыл шаруашылығы мәселелері, дамудың күн тәртібі, субсидиялар және басқа мәселелер бойынша белгілегенде, өткен Доха раунды келіссөздерінің табыстары мен сәтсіздіктеріне қарайлай отыру қажет», – деп атап өтті ЕЭК министрі.  

 

Осымен бір мезгілде Вероника Никишина еркін сауда туралы келісімдер, оның өсуін жаһандық сауданы фрагменттеумен және ДСҰ-ның әлсіреуімен жиі байланыстыру көпжақты сауда қағидаларына қарсы қойылмауға тиіс деп атап көрсетті. «Еркін сауда туралы келісімдер тауар алмасуды тездетудің әрі әртараптандырудың драйвері, құн құру тізбегінің жұмыс істеу тиімділігінің кепілі болып табылады.Мұндай келісімдерді жасасу құқығы замани ДСҰ-ның негізін қалаған 1947 жылғы Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімде ұсынылған болатын Бұдан басқа, көпжақты сауда жүйесі шеңберінде қалыптасатын жаңа қағидалар өзінің тиімділігін дәлелдеген нақ осы еркін сауда туралы келісімдерден бастау алады», – деп мәлімдеді Вероника Никишина.

 

Сессияға қатысушылар әлемдік сауда мен жаһандық экономиканың өсуі үшін протекционизм үрдісінің күшею қаупін атап өтті және әлемдік сауданың өсуін және сауда соғыстарын болдырмау тиімділігін ынталандыра алатын тиімді уағдаластықтарға ДСҰ алаңында тезірек қол жеткізуге қажетті жәрдем көрсетуге сарапшылық және іскер қоғамдастықтың дайын екенін растады.

 

Сессияға Danone компаниясының атқарушы вице-президенті Бертранд Аустриу, ДСҰ Апелляциялық органының экс-төрағасы Джеймс Бахус, Roche Holding фармацевтикалық компаниялар тобы Директорар кеңесінің вице-төрағасы Андреас Серенус Хоффман, China Taiping Insurance Holdings сақтандыру компаниясының атқарушы директоры және бас менеджері Вонг Сидонг, Lenovo компаниясының төрағасы және бас атқарушы директоры Ян Юаньцин, ДСҰ Апелляциялық органының экс-судьясы Джанг Юджао қатысты.

 

5 қарашадан бастап 10 қарашаға дейінгі аралықта Шанхайда өнім берушілер мен инвесторлардың үлкен тобын Қытай нарығына тарту және ҚХР сыртқы саудасын әртараптандыруды жалғастыру қарқынын қолдау мақсатында екінші рет ұйымдастырылып отырған халықаралық сауда көрмесі өтуде. Көрмеге 170 елден 3 мыңнан астам кәсіпорындар мен билік органдары, сондай-ақ бірқатар халықаралық ұйымдардың делегациялары қатысты. Көрме іс-шараларынң дәстүрлі қатысушылары - ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин және Қытайдың әріптес мемлекеттерінің шақырылған жоғары деңгейдегі басшылары.​