Жүйеге кіру
Тимур Сүлейменов: «Біз модельдік заңдардан тікелей қолданылатын заңдарға ауысуымыз керек»

Тимур Сүлейменов: «Біз модельдік заңдардан тікелей қолданылатын заңдарға ауысуымыз керек»

06.12.2012

3 желтоқсан күні Санкт-Петербург қаласында Экономика және қаржы саясаты бойынша Алқа Мүшесі (Министр) Тимур Сүлейменов «XXI ғасырдағы Еуразиялық ықпалдастық» Халықаралық форумына қатысты.

Сонымен қатар, Форум жұмысына РФ ФК Мемлекеттік Дума мен Федерация Кеңесі, ТМД Ассамблеясының Парламентаралық Хатшылығы, ТМД қатысушы елдеріндегі парламенттер, партиялар мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Пленарлық отырыста Т. Сүлейменов Беларусь, Қазақстан мен Ресейдің арасындағы ықпалдастықтың негізгі кезеңдері мен келешегі туралы, одан әрі ықпалдасу- Еуразиялық экономикалық комиссияның институционалды негіздерін құру туралы, ықпалдастық процестерін дамытудағы саяси партиялардың рөлі жайында әңгімелеп берді.

«Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік аясында жүргізіліп жатқан жұмыстың барысында, біз модельдік заңдардан тікелей қолданылатын заңдарға ауысуымыз керек, - деді Министр. – Біздің елдеріміздің арасындағы қол жеткізілген уағдаластықтар іске аспай, тек қағаз бетінде қалып қойса, онда біз бизнестің де, азаматтардың да тарапынан түсіністік таппаймыз».

Оған қоса, Т. Сүлейменов Еуразиялық парламент құру бойынша бастама бірінші кезекте БЭК мүше елдердегі азаматтардың өздерінен туындауы керек деген пікірін білдірді. «Алғашында адамдар Еуразиялық экономикалық комиссияның шындығында жұмыс істейтіндігіне көз жеткізулері керек. Сонда ғана, ұлттықтан жоғары ортақ парламент құру мүмкіндігі туралы айта аламыз», - деді Министр.

 Анықтамалық ақпарат:

«XXI ғасырдағы Еуразиялық ықпалдастық» Халықаралық форумын Ресей ынтымақтастығы және РФ ФК Федерация кеңесінің қолдауымен Ресейдің парламенттік Еуропалық клубының жанындағы «Еуразия Диалогымен» өткізіліп отыр.

Алғашқы мұндай іс-шара, «Еуразиялық одақ: амбициялар, проблемалар, перспективалар» Халықаралық конференциясы, 2012 жылдың 29 маусымында Қазан қаласында болып өтті.