Жүйеге кіру
ЕАЭО сауда саясаты басымдықтарын жаңартуда

ЕАЭО сауда саясаты басымдықтарын жаңартуда

06.12.2016

Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) және Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің  өткен жылдардағы сауда саясаты басымдықтарды жаңартуды қажетсінеді. Бұл жөнінде ЕЭК Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Вероника Никишина Еуразиялық экономикалық комиссия Ресейдегі Америкалық сауда палатасымен (АСП) және Америка-Ресей Іскерлік Кеңесімен (АРІК) бірлесіп ұйымдастырған «Еуразиялық экономикалық интеграция: алға қозғалыс, бизнеске арналған жаңа көкжиектер» атты төртінші конференция шеңберінде  мәлімдеді.

 «Әлемдік сауда дамуының қазіргі заманғы үрдісі әлемнің көпшілік елдерінің өзара байланысының күшейгенін көрсетіп отыр, ол көптеген преференциялық сауда келісімдерінің жасалуынан байқалады. Бұл жағдайда ЕАЭО алдына сауда саясатына арналған тәсілдемелерді жаңарту бойынша жаһандық міндеттер белгіленген. Өткізу нарығы үшін бәсекелестік өсуде, кооперация тізбегінің тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыру, нарыққа қол жеткізу,  әсіресе дамушы елдер үшін және халықаралық саудадағы саяси фактордың күрт күшеюі аясында қаржы және ресурстарды тарту сөзсіз қажеттілік болып табылады. Бұл жағдайда Одақ белсенді сауда саясатын, нақты сауда-экономикалық ынтымақтастық  «картасын» қалыптастырады», – деді іс-шара барысында Вероника Никишина.

ЕЭК Сауда жөніндегі министрінің пікірі бойынша, меншікті өндірістердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, Одақ елдерінің ресурстық, географиялық және өндірістік басымдықтарын сапалы пайдалану арқылы экспортты дамыту үшін мейлінше тиімді және кешенді шешім сауда келісімдерін жасасу болып табылады. Бұл шара қазіргі сауда саясатын түзетіп, ЕАЭО елдері экономикасының   дамуына қосымша серпін бермек.

ЕЭК Сауда жөніндегі министрі - «Біз екіжақты еркін сауда аймақтарының желісін емес, меншікті сауда блоктары: бірнеше ЕСА жүйелерін және басқа да сауда-экономикалық келісімдерді қалыптастыруды мақсат етеміз, олар  ұзақ мерзімді келешекте қолайлы және орнықты экономикалық ортаны, орнықты даму өңірін қалыптастыруды қамтамасыз етер еді. Бұл шара бәсекелестік қабілетін қамтамасыз етуге бағытталған», – деп өз сөзін толықтырды.

Вероника Никишина елдер арасындағы еркін сауда аймағын құру жөніндегі диалог үш негізгі қағидатқа құрылатынын атап өтті, олар – елдердің нарықтарына қол жеткізу жөніндегі экспорттық мүдделердің болуы, оған сәйкес ЕЭК және ЕАЭО елдері өзара инвестициялық мүдделер мен әріптестіктің өзара тиімді модельдерін құру жөнінде келіссөздер бастады.

 

Конференция барысында ЕЭК Сауда жөніндегі министрі америкалық бизнес қоғамдастық өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп, Одақ аумағында сауда саласындағы жаңашылдықтар туралы айтып берді. Атап айтқанда, Вероника Никишина ЕАЭО-да таңбалауды енгізу бойынша өзекті тақырыпқа, сондай-ақ ішкі нарықты қорғаудың тарифтік және тарифтік емес шараларына егжей-тегжейлі тоқталды.