Жүйеге кіру
ЕЭК ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастықты дамытады

ЕЭК ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастықты дамытады

06.12.2019

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) ЕҚЫҰ-мен өзара іс-қимылды жандандыруға дайын. Бұл туралы ЕЭК-тің Интеграцияны дамыту департаменті директорының орынбасары Гоар Барсегян 5 желтоқсанда Братиславада (Словак Республикасы) Албанияның Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Игли Хасанимен кездесуінде мәлімдеді. ЕҚЫҰ-ға 2020 жылы төрағалық ету Албанияға ауысады.

Кездесу Словакияда өткен ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесі «алаңдарында» өтті. Гоар Барсегян бастаған ЕЭК делегациясы оған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы Словакия Республикасының Тұрақты өкілдігінің шақыруы бойынша қатысты. Осы ұйымға биылғы жылы Словакия төрағалық етеді.

Игли Хасанимен диалог барысында ЕЭК өкілі соңғы жылдары, неміс, австрия және словак төрағалығы кезеңдерінде, Еуразиялық экономикалық комиссия мен ЕҚЫҰ-ның байланысу серпіні жеткілікті түрде жоғары болғаны туралы, сондай-ақ тараптардың ЕҚЫҰ-ның екінші экономикалық «қоржыны» шеңберіндегі өзара іс-қимылы туралы хабардар етті.

Гоар Барсегян Игли Хасаниді Албанияның алда тұрған ЕҚЫҰ-ға төрағалық етумен құттықтады және бұл тараптар арасындағы байланыстарды нығайтуға көмектеседі деген үміт білдірді.

ЕЭК өкілі Халықаралық қолданбалы жүйелік талдау институты (IIASA) ұйымдастырған «Цифрлық трансформация кезеңінде Еуразиядағы халықаралық экономикалық ынтымақтастықтың болашағы» жалғаспалы іс-шарасына да қатысты.

Гоар Барсегян іс-шара барысында түсініктеме бере отырып: «Цифрлық технологияларды белсенді дамыту экономикалық прогреске, ортақ Еуропалық және Еуразиялық цифрлық кеңістікті қалыптастыруға және соның нәтижесі ретінде үлкен экономикалық өзара іс-қимылға ықпал етеді. Бүгін ЕАЭО біздің өңірдегі экономикалық интеграция драйверінің біріне айналған меншікті цифрлық күн тәртібін дамыту үшін елеулі күш-жігер жұмсап отыр», – деп атап өтті. ​