Жүйеге кіру
ЕАЭО Вице-премьерлері ПМЭФ-те басты жетістіктерді және келесі бес жылға интеграциялық бірлестікті дамыту мүмкіншіліктерін талқылады

ЕАЭО Вице-премьерлері ПМЭФ-те басты жетістіктерді және келесі бес жылға интеграциялық бірлестікті дамыту мүмкіншіліктерін талқылады

07.06.2019
Петербург экономикалық форумы шеңберіндегі «Еуразиялық экономикалық одақ. Болашақ стратегиясы» сессиясының қатысушылары - Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Төрағасы алқасының Тигран Саркисян және ЕЭК Кеңесінің мүшелері, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің вице-премьерлері Игорь Петришенко, Әлихан Смаилов, Жениш Разаков және Антон Силуанов басты жетістіктер мен келесі бесжылдықта интеграциялық бірлестікті дамыту мүмкіншіліктерін талқылады.

Осы жылы ЕАЭО-да бірден екі мерейтойлық күн аталып өтуде: Одақ туралы Шарттың бесжылдығы және Еуразиялық интеграция идеясының 25-жылдығы. ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян атап көрсеткендей, елдер бес жыл бұрын Одақ құра отырып, өкілеттіктерді ұлт үстілік деңгейге тапсыру кезінде айтарлықтай абай болды.

«Бес жыл өтті, қауіптер өздерін ақтаған жоқ. Енді шешімдерді қабылдау механизмдерін тиімдірек ету мәселесі тұр. Әлем аса жылдам өзгереді, біздің техникалық мәселелерді айлап талқылау мүмкіндігіміз жоқ. Осы тұрғыдан алғанда, Комиссияға шешімдерді қабылдау бойынша одан да кең өкілеттіктер беру қажет. Біздің елдеріміз Комиссияға көбірек сену үшін пісіп жетілді», –деп мәлімдеді ЕЭК Алқасының Төрағасы.

Тигран Саркисянның пікірі бойынша, жедел шешуді талап ететін екінші мәселе - «толық интеграцияламау», яғни Одақтың ішкі нарығындағы көптеген кедергілер. Бұл проблема бизнеске айтарлықтай зиян келтіреді және бірыңғай нарықтардың тиімді жұмысына кедергі жасайды. Жаңа кедергілер пайда болуының негізгі себебі ұлттық заңнамаларды үйлестіру проблемаларының түбегейлі шешілмеуінде.

«Ұлттық өндірушілерді қорғау ортақ нарықта еркін бәсекеге кедергі болатынмен жиі кездесеміз. Ұлттық үкіметтерді еркін нарықты қалыптастырған кезде тиімсіз кәсіпорындар кетуі тиіс екендігіне дайындауымыз керек», – деді Тигран Саркисян.

Сонымен бірге, ЕЭК Алқасының Төрағасы Одақтың цифрлық күн тәртібінін мәніне тоқтап өтті және ол барлық интеграциялық жоба қисынын өзгертетінін атап өтті. «Еуразиялық экономикалық одақтың дәл осы цифрлық күн тәртібінің арқасында ұлттық үкіметтердің ұлттық егемендікті жүзеге асырудың әмбебап мүмкіншілігі бар. Жеке алынған ел трансұлттық корпорациялармен бәсекелес болып, өзінің меншікті цифрлық экожүйелерін жасай алмайды, ал бірге біз осыны жасай аламыз», – деп қорытындылады Тигран Саркисян.

Сессия модераторы, ЕАЭО Іскерлік кеңесінің президенті Виктор Христенко өз кезегінде Одақ өз тарихымен дүниежүзіндегі интеграция тереңдігі бойынша екінші болатынын атап өтті. Бұл ретте ұлт үстіндегі құрылымдар бес жыл ішінде лайықты нәтижелер көрсетті. «Одақтың барлық органы жай ғана жұмыс істеп қоймай, тыйым салу мен сот қарауын еңсерудің қарапайым емес жағдайларды қосқанда, ұлт үстілік басқарушылық қызметтің өнімдерін жасады және тәжірибелерін игерді», – деп мәлімдеді Виктор Христенко.

Беларусь Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, ЕЭК Кеңесінің мүшесі Игорь Петришенко да Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілеттіктері одан да кеңірек болуы және оның жауапкершілігінің деңгейі артып отыруы тиіс екенін атап өтті. Оның айтуы бойынша, «Еуразиялық экономикалық комиссияның белсенді үлестіруші рөлі жағдайында ұлттық үкіметтердің өзара әрекеттесуін ЕАЭО туралы Шартта жазылған өр мақсаттарды шешуге шоғырландыру керек».
«Біз серіктестерімізбен тығыз кооперацияда сапалы бәсекеге жарамды тауарларды көбірек өндіруде және осы тауарларды Еуразиялық экономикалық одақ нарығында да, үшінші елдер нарығында да жылжытуда мүдделіміз»,- деп мәлімдеді Игорь Петришенко.

Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары, ЕЭК Кеңесінің мүшесі Антон Силуанов ЕАЭО елдері жиі өздерінің ұлттық мүдделерін интеграциялық мүдделерден бірқатар жоғары қоятынын атап өтіп, Тигран Саркисян тезистерімен келісті.

«Ия, біз бәріміз өз мемлектеттеріміздің өкілдері болып табыламыз. Бірақ біз Одаққа кірген болсақ, көніп, оның мүдделерін ескеруге тырысайық, - деді Антон Силуанов. – Интеграциядан бәрі ұтатыны анық. Жаһандық күн тәртібі оң құраушыларды одан әрі дамытудан тұрады».

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары, ЕЭК Кеңесінің мүшесі Әлихан Смаилов интеграция мемлекеттердің дамуы үшін қосымша әлеует жасайтынын атап өтті. «Келешекте қатысушылардың үміттерін ақтайтын және сыртқы серіктестер үшін тартымды болатын күшті ЕАЭО-ға бағыт алуымыз қажет. Сондықтан біз сапалы дамуды негізге алуымыз керек,- деді Әлихан Смаилов.

Қырғыз Республикасының вице-премьер-министрі, ЕЭК Кеңесінің мүшесі Жениш Разаков ЕАЭО және Жібек Жолының Экономикалық белдеуінің (ЖЖЭБ) түйіндесу мүмкіншіліктерін қозғап, түйіндесудің ешқандай тәуекелі жоқ және ол ЕАЭО елдеру үшін пайдалы болатынын атап өтті.

Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) басқармасының төрағасы Андрей Бельянинов «Еуразиялық экономикалық комиссияға қосымша өкілеттіктерді кезеңдік беру қажет, болмаса интергация қарқындарынан айырылады» деген сенімін білдірді.