Жүйеге кіру
ЕАЭО елдері арасындағы «жасыл дәліздер» қауіпсіз болады

ЕАЭО елдері арасындағы «жасыл дәліздер» қауіпсіз болады

07.07.2020
 

ЕЭК Алқасы COVID-19 таралуына жол бермеуге арналған санитариялық-эпидемиологиялық ұсынымдарды бекітті. Құжатта профилактикалық және дезинфекциялық іс-шараларды жүргізуді қоса, ЕАЭО-ның кедендік шекарасында және кедендік аумағында «жасыл дәліздер» объектілерінің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар қамтылған. Бұл объектілерге автожанармай құю станциялары, техникалық қызмет көрсету, жүргізушілердің демалысы мен тамақтану пункттері жатады.

COVID-19-тың әкелінуі мен таралуын болдырмау мақсатында термометрия жүргізу арқылы «кіру сүзгісін» ұйымдастыру, қызметкерлерді тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарымен және қолғаптармен қамтамасыз ету, қолды антисептикпен өңдеуді ұйымдастыру, жүйелік негізде профилактикалық дезинфекция жүргізу, әлеуметтік қашықтықта болу қағидаттарын сақтау, бір-ақ реттік ыдыстарды пайдалану, үй-жайларды желдету және т.б. ұсынылады.

Қабылданған ұсынымдар осы іс-шараларды Одақ елдеріндегі ағымдағы эпидемиологиялық жағдаятқа, соның ішінде мүше мемлекеттердің бірінде эпидемиологиялық жағдаятты тұрақтандыруға бағытталған жаңа шектеу шараларын енгізу немесе бұрын енгізілген шектеулерді біртіндеп алып тастау шарыттарына сәйкес пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Анықтама

Құжат Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелерінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі жұмыс кездесуі барысында айтылған бастамаларды іске асыру мақсатында әрі Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2020 жылғы 10 сәуірдегі «COVID-19 коронавирустық инфекциясы пандемиясының дамуы жағдайларында экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қабылданатын шаралар туралы» № 6 өкімін және Комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 25 наурыздағы «COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуын болдырмауға бағытталған шараларды іске асыру туралы» № 11 өкімін орындау үшін дайындалған.​