Жүйеге кіру
Ескі проблемаларды шешудің жаңа тәсілдемесі: ЕАЭО-да шекара арқылы тауарлар өткізудің даулы мәселелерін реттеу үшін жедел комитет қалыптастырылады

Ескі проблемаларды шешудің жаңа тәсілдемесі: ЕАЭО-да шекара арқылы тауарлар өткізудің даулы мәселелерін реттеу үшін жедел комитет қалыптастырылады

07.07.2020
Еуразиялық экономикалық комиссия келіспеушіліктерді реттеу және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің шекаралары арқылы тауарлар өткізудің даулы мәселелерін шешу үшін жедел комитет (жоғары деңгейлі жұмыс тобын) қалыптастыру жөнінде ұсыныс дайындады. ЕЭК Кеңесінің тиісті өкімінің жобасы 6 шілдеде ЕЭК Алқасының Төрағасы мен мүшелері қатысқан кеңесте қаралды.

Бұдан бұрын ЕЭК Кеңесінің мүшелері Одақтың ішкі нарығындағы тосқауылдарды жою үшін жаңа құралдар керектігін атап өтті және ЕЭК Алқасының комитет құру туралы ұсынысын қолдады.

Кеңесте Одақ елдерінің комитет құрамына кандидаттар тізімін жолдағаны, алайда әзірге «жол картасына» ұсыныстар барлық мемлекеттен бірдей түсіп болмағаны атап өтілді. Солай бола тұра, шекаралардағы жағдаят күрделі күйінде қалып отыр және табанды әрекет жасауды қажет етеді.

«Жол картасының» іс-шараларын екі кезеңге бөлу қажет: қазірдің өзінде орындалуға тиіс бірінші кезектегі шаралар және орташа мерзімді перспективаға арналған шаралар. Жедел комитет бізге нақты уақыт режимінде жедел шешімдер тұжырымдауға және көптеген проблемалық мәселені шешуге мүмкіндік береді», – деп атап көрсетті ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович.

Кеңеске қатысушылар шұғыл іс-шаралар қатарында үшінші елдерден тауарлар импортын әкімшілендіру, мүше мемлекеттер арасында ақпараттық алмасу, санкциялық тауарларды сәйкестендіру, тәуекел бейінін бекіту, навигациялық пломбаларды қолдану қажеттігін атап өтті. 

Пысықталған құжатты ЕЭК Кеңесі отырысында қарау жоспарланып отыр.​