Жүйеге кіру
Артак Камалян Минскіде агроөнеркәсіптік кешендегі интеграцияны дамытудың перспективаларын талқылады

Артак Камалян Минскіде агроөнеркәсіптік кешендегі интеграцияны дамытудың перспективаларын талқылады

07.07.2020

Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқа мүшесі Артак Камалян 6 шілдеде Беларусь Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Александр Субботинмен және Беларусь Республикасының Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрі Иван Крупкомен кездесті. Іскерлік кездесуі шеңберінде агронеркәсіп саласындағы Еуразиялық интеграцияны одан әрі дамыту үшін, сондай-ақ пандемия жағдайында Еуразиялық экономикалық одақ нарығын азық-түлік тауарларымен тұрақты молықтыруда елеулі маңызы бар мәселелер талқыланды.

«Одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы және азық-түлік тауарларының тапшылығына, сондай-ақ Одақ нарығында жаңа сауда тыйымдары мен шектеулерінің пайда болуына жол бермеу үшін аграрлық азық-түлік нарығы үшін туындайтын, соның ішінде төтенше сипаттағы сын-тез бен қауіп-қатерге жедел ден қою, мүше мемлекеттердің тиімді өзара іс-қимылы шараларын тұжырымдау маңызды», – деп атап өтті Артак Камалян.

ЕЭК министрі іске асырылуы Одақтың агроөнеркәсіптік кешені мен аграрлық нарығының орнықты дамуына, ЕАЭО-да өндірілетін өнімнің ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түліктің өзара саудасын дамытуға ықпал ететін кешенді құжат әзірлеуді ұсынды.

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы өнімдеріне қойма куәліктерін шығару (беру), айналысы және өтеу қағидалары туралы келісімді қабылдау рәсімдерін жеделдету, сондай-ақ қойма куәліктерін есепке алудың электрондық жүйесін енгізу мерзімдері бойынша тараптардың позицияларын жақындату мүмкіндіктері талқыланды.

Артак Камалян инвестиция тарту және ауыл шаруашылығы өнімдерін кепілді өткізу құралы ретінде құжатсыз нысанда берілген ауыл шаруашылығы өнімдеріне арналған қойма куәліктерін мүше мемлекеттерде өзара тануды қамтамасыз етудің маңыздылығын атап көрсетті.

Кездесуге қатысушылар Одақ елдеріндегі органикалық ауыл шаруашылығын дамытудың перспективалы екенін атап өтті.

«Комиссия тараптардың сарапшыларымен бірлесе отырып, кейіннен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің бекітуі үшін органикалық ауыл шаруашылығы өнімдерінің бірыңғай нарығын қалыптастыру жөніндегі бірқатар шараны көздейтін жол картасының жобасын дайындады. Бұл құжатты қабылдау органикалық өнімнің Одақтағы кедергісіз айналысын және белсенді экспорттық саясатты бірлесіп жүргізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді Артак Камалян.​