Жүйеге кіру
ЕАЭО-да Беларусьтен әкелінетін сиыр етінің Ресей аумағы арқылы өткізілуі қалпына келтірілді

ЕАЭО-да Беларусьтен әкелінетін сиыр етінің Ресей аумағы арқылы өткізілуі қалпына келтірілді

07.07.2020

«Россельхознадзор» 6 шілдеден бастап кейбір белорус кәсіпорындары өндіретін сиыр етінің ЕАЭО мемлекеттеріне Ресей Федерациясының аумағы арқылы өткізілуі кезіндегі шектеудің күшін жойды.

Мұндай шешім Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясының екіжақты келіссөздерінің қорытындысы бойынша қабылданды.

ЕЭК Алқасы 30 маусымда Ресейге Одақ құқығын орындау қажеттігі туралы хабарлама жіберуді ұйғарды. Бұдан бұрын ЕЭК-тің Ішкі нарықтың жұмыс істеуі департаменті мониторинг барысында бірнеше белорус өндірушілері өткізетін сиыр етінің Ресейге жеткізілімін және Ресей Федерациясының аумағы арқылы ЕАЭО елдеріне өткізілуін «Россельхознадзор» тоқтата тұрғанын анықтаған еді.

ЕЭК Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрі Гегам Варданянның пікірінше, тосқауылдарды жоюға жедел ден қою Одақ елдері экономикасының дамуына ықпал етеді.​