Жүйеге кіру
Сергей Владимиров ЕЭК-тің Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаментінің директоры болып тағайындалды

Сергей Владимиров ЕЭК-тің Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаментінің директоры болып тағайындалды

07.07.2020

Сергей Валентинович Владимиров 1969 жылғы 9 мамырда Ресейдің Чебоксары қаласында туған. 1991 жылы Калининград жоғары әскери-теңіз училищесін ««Инженерия-электромеханика» мамандығы бойынша бітірген.

2006 жылы «Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясының П.А. Столыпин атындағы Поволжье мемлекеттік қызмет академиясы» ЖКБ ФМБМ-де «қаржы-кредит және салық қатынастарын мемлекеттік басқару» бағдарламасы бойынша кәсіби қайта даярлықтан өткен.

Сергей Владимиров Ресей Федерациясының Қарулы күштерінде қызмет атқарды.

1995 жылдан бастап 2009 жылға дейін Приволжье кеден басқармасының Чуваш кеденінде әртүрлі лауазымда жұмыс істеді.

2009 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі аралықта Ресей Федерациясы кеден қызметінің Қазақстан Республикасының кеден қызметі жанындағы Өкілдігінің бас маман-сарапшысынан басшысына дейінгі жолдан өтті.

Үйленген. Ұлы мен қызы бар.​