Жүйеге кіру
Владимир Тараскин ЕЭК-тің Құқықтық департаментінің директоры болып жаңадан тағайындалды

Владимир Тараскин ЕЭК-тің Құқықтық департаментінің директоры болып жаңадан тағайындалды

07.07.2020

Владимир Иванович Тараскин 1968 жылғы 25 қарашада туған. Воронеж заң техникумын, Тверь мемлекеттік университетінің заң факультетін, Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Жеке құқық зерттеу орталығының Ресей жеке құқық мектебін (институтын) бітірген.

Еңбек қызметін 1989 жылы бастаған. 1989 жылдан 1999 жылға дейінгі аралықта Ресей Федерациясының атқарушы билік органдарында, коммерциялық ұйымдарда заңгер, сондай-ақ ішкі істер органдарында тергеуші болып істеген.

1999 жылдан бастап 2004 жылға дейін РФ Мүліктік қатынастар министрлігінде құқықтық қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары, кейін басшысы болды. 2004 жылдан 2008 жылға дейінгі аралықта РФ Өнеркәсіп және энергетика министрлігінің құқықтық қатынастар департаментінің (заң департаментінің) директоры, 2008 жылдан бастап 2012 жылға дейін РФ Өнеркәсіп және сауда министрлігі заң департаментінің директоры болып істеді.

Владимир Тараскин 2012 жылдан бері Еуразиялық экономикалық комиссияның Құқықтық департаментін басқарады. 2020 жылғы 7 шілдеде еңбек шарты тағы да 4 жылға ұзартылды.​