Жүйеге кіру
ЕЭК Еуразиялық интеграция туралы онлайн-курсты іске қосты

ЕЭК Еуразиялық интеграция туралы онлайн-курсты іске қосты

07.07.2020

Бүгін Еуразиялық экономикалық комиссия «Универсариум» электрондық білім беру ашық жүйесінде  «ЕАЭО: ол не және қалай жұмыс істейді» онлайн-курсын іске қосты. Курс 24/7 қолжетімді болады. Тесттерден ойдағыдай өткен кезде оқыту қорытындысы бойынша тегін сертификат беріледі.

Онлайн курс сегіз модульге бөлінген. Лекция авторлары - ЕЭК-тің 30-дан астам сарапшысы. Бірінші модуль экономикалық интеграцияның теориялық негіздеріне, тарихқа, экономикаға, халықаралық қатынастар мен ЕАЭО құқығына арналған.

Екіншісінде Кеден одағының жұмыс істеу негіздері, сондай-ақ экспорттаушылар мен импорттаушыларға көмек көрсету құралдары - уәкілетті экономикалық оператор институты, «бірыңғай терезе» механизмі және зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай тізілімі қарастырылады. Үшінші модуль ЕАЭО-ның өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік саясаты, техникалық реттеу және СФС-шаралар туралы түсінік береді.

Төртінші модуль ЕАЭО-да кәсіпкерлер үшін құрылған өз құқықтарын, атап айтқанда, зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарын қорғау құралдарына арналған. Жекелеген лекциялар трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидалары туралы, реттеуші әсерді бағалау рәсімі және Одақтың ішкі нарығындағы кедергілерді жою жайында әңгімелейді.

Бесінші және алтыншы модульдерде қызметтер көрсету саудасы, құру және қызмет, ортақ қаржы нарығы және бірыңғай еңбек нарығы кезіндегі режимдік ережелер қарастырылады.

Етінші модульде энергия ресурстарының, көлік қызметтерін көрсетудің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың ортақ нарықтары туралы сөз болады.

Сегізінші модульде тыңдаушылар Одақтың үшінші елдермен сауда келісімдері шеңберінде ЕАЭО өндірушілері қандай преференциялар алатындығын, сондай-ақ ЕАЭО-да демпингке қарсы, арнайы қорғау және өтемдік шаралар сияқты құралдардың және де тауарларды цифрлық таңбалаудың көмегімен шетелдік жосықсыз өндірушілерден қорғану қалай жүзеге асырылатынын біле алады.