Жүйеге кіру
ЕЭК: Беларусьте негізгі тамақ өнімдерінің бағасы көтерілмейді

ЕЭК: Беларусьте негізгі тамақ өнімдерінің бағасы көтерілмейді

07.07.2020
 

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Беларусь Республикасында әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын мемлекеттік реттеу мерзімін 90 күнге – биылғы 18 шілдеден бастап қоса алғанда 15 қазанға дейінгі аралыққа ұзартуға келісті.

Еске сала өтсек, бұдан бұрын Беларусь Республикасының Монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігі ет, балық, сүт, май, тауық жұмыртқасы және т.б. қоса, 26 тауарлық топтың бағасына уақытша мемлекеттік реттеуді енгізді. Коронавирустық инфекция пандемиясы тудырған тұтыну сұранысының артуына, сондай-ақ санитариялық-карантиндік іс-шаралардың жүргізілуімен, шекараның жабылуымен және т.б. байланысты бірқатар мемлекеттік шектеу шараларының ендірілуіне орай елде мұндай тауарлармен алып-сатарлықтың өсуіне жол бермеу қажет болды.

Бағаны реттеу ендірілгеннен кейін Беларусьтің тұтыну нарығындағы жағдаят тұрақтанды.

Бағаны мемлекеттік реттеу қолданылған кезеңде мүше мемлекеттерден Беларусьтің шешімімен келіспейтіндігі туралы Комиссияға өтініш түспегенін ескере отырып, ЕЭК белорус тарапының ұсынысын қолдады.​