Жүйеге кіру
ЕЭК Беларусьте медициналық маскалар бағасының өсуін тоқтатты

ЕЭК Беларусьте медициналық маскалар бағасының өсуін тоқтатты

07.07.2020

ЕЭК Алқасы тыныс алу органдарын қорғау құралдары – жеке қолдануға арналған маскалардың және дезинфекциялаушы заттардың бағасын Беларусь Республикасында мемлекеттік реттеудің мерзімін 90 күнге – биылғы 7 шілдеден бастап 4 қазанға дейін ұзартуға келісті.

Бұрын Беларусьте аталған тауарлардың бағасын уақытша мемлекеттік реттеу 90 күнге (2020 жылғы 8 сәуірден 6 шілдеге дейінгі аралыққа) ендірілген болатын. Атап айтқанда, мемлекеттік реттеу шаралары өндіруші ұйымдар үшін рентабельділіктің шекті нормативін, импорттаушының шекті ең жоғары үстемесін, өндірушінің (импорттаушының) босату бағасына шекті ең жоғары көтерме үстемесін, өндірушінің (импорттаушының) босату бағасына шекті ең жоғары сауда үстемесін (көтерме үстемені ескере отырып) белгілеуді өзіне кірістіреді.

Қорғану құралдары бағаларына мемлекеттік реттеу енгізуге оларға деген сұраныстың артуы, өндірушілердің мұндай құралдармен денсаулық сақтау мекемелерінің, дәріхана желілерінің және халықтың тұтынушылығын қанағаттандыру мүмкіндігі жоқ екендігі негіз болды.

ЕЭК Алқасының шешімі Беларусьтің ішкі нарығында оларды өткізу кезінде тұрақты бағаны сақтауға, өндірушілердің (импорттаушылардың) бағаны негізсіз көтеруін болдырмауға көмектеседі.​