Жүйеге кіру
ЕЭК «Еуразиялық интеграцияны дамытудағы зияткерлік меншіктің рөлі» атты брошюра шығарды

ЕЭК «Еуразиялық интеграцияны дамытудағы зияткерлік меншіктің рөлі» атты брошюра шығарды

07.10.2016

Еуразиялық экономикалық комиссия «Еуразиялық интеграцияны дамытудағы зияткерлік меншіктің рөлі» атты брошюра шығарды. 

Басылым оқырмандарға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік саласындағы негізгі аспектілермен, проблемалармен және интеграциялану перспективаларымен оқып-танысуға мүмкіндік береді.

Еуразиялық экономикалық комиссияның ақпараттық-талдамалық зерттеуі, зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды құқықтық қорғауды және сақтауды қоса алғанда, Еуразиялық экономикалық одақтағы зияткерлік меншікті дамытудың процестерін басқару мәселелеріне арналып отыр. ЕЭК, мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының, қоғамдық ұйымдарының жұмыстары нәтижелеріне, зияткерлік меншік саласындағы бұзушылықтардың жолын кесу аясында құқық қолдану практикасын талдауға, мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау саласындағы іс-қимылдарын үйлестіруге ерекше назар аударылды. Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасы мен Ресей Федерациясының зияткерлік әлеуетін жүйелі түрде дамытуды, сондай-ақ ұлттық экономикалардың даму қарқындары мен бәсекеге қабілеттігін арттыруды қамтамасыз етуге тиіс болатын, Еуразиялық экономикалық одақтың зияткерлік меншігін қорғау, сақтау және пайдалану стратегиясын құрудың қажеттілігі мен маңыздылығы қаралды.   

Брошюрада Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты дамытуға арнап әзірленген халықаралық шарттар жобаларының негізгі ережелері ұсынылған: Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлардың шығарылған жерлері туралы шарт жобасы мен Авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық негізде басқару тәртібі туралы келісімнің жобасы.

Еуразиялық экономикалық комиссия мен түрлі халықаралық және өңірлік ұйымдардың зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастығының негізгі қорытындылары шығарылды.

Брошюрада зияткерлік меншіктің Еуразиялық интеграцияны дамытудағы маңызды рөлі, сондай-ақ сол саладағы мүдделі барлық тұлғаларға Еуразиялық экономикалық одақта анағұрлым қолайлы жағдай жасаудың қажеттігі атап өтіледі.