Жүйеге кіру
ЕЭК көлік саласындағы ұйымдармен ынтымақтастықты нығайтады

ЕЭК көлік саласындағы ұйымдармен ынтымақтастықты нығайтады

IMG_20191001_192828.jpg
07.10.2019

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Еуразиялық экономикалық комиссия мен Еуразиялық көлік, экспедиторлық және логистикалық ұйымдар одағымен (ЕКЭЛҰО) Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Екі ұйым тосқауылдарды жою шараларын тұжырымдауға және Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) қызметтер көрсетудің ортақ нарығын қалыптастыру жөніндегі таңдаулы практикаларды енгізуге баса маңыз бере отырып, іс-қимылды жалғастыруға ниетті.

«ЕАЭО-да көлік қызметтерін көрсетудің ортақ нарығын құру транзиттің еркіндігін, тосқауылдардың жоқ болуын және алып қоюлардың барынша азаюын қамтамасыз ететін осындай шаралар қабылдауды бағамдайды. ЕКЭЛҰО-мен ынтымақтастық бизнестің кедергілерді анықтауға және оларды алып тастау жөнінде шешімдер тұжырымдауға қатысу деңгейін арттыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Эмиль Кайкиев.

Коммерциялық емес ұйымды құруға 2012 жылы бастама жасалды. Бүгінде ЕКЭЛҰО-ның интеграциялық процестерді дамытуға жәрдемдесу мәселелеріндегі құзыреті күмән тудырмайды. ЕКЭЛҰО өкілдерінің белсене қатысуымен ЕАЭО туралы шарт ережелері, көлік қызметіндегі, техникалық және кедендік реттеудегі интеграцияны айқындайтын Одақ органдары актілерінің жобалары, сондай-ақ үйлестірілген (келісілген) көлік саясатының негізгі бағыттары мен кезеңдері және оларды іске асыру жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған «жол карталары» келісілді.​

Анықтама

ЕКЭЛҰО 2012 жылы Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Владимир Путиннің тапсырмасымен ЕурАзЭҚ Кеден одағының шеңберінде қоғамдық ұйым ретінде негіз қалады (2011 жылғы 8 маусымдағы № ВП-39пр хаттама).

 

ЕКЭЛҰО құрамына кіретін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер ұйымдарының өкілдері (көлікшілер одақтары, сауда-өнеркәсіп палаталары, автомобиль тасымалдаушылары қауымдастықтары) тұрақты негізде Комиссияның консультативтік органдарының, соның ішінде Көлік және инфрақұрылым жөніндегі консультативтік комитеттің және оның салалық кіші комитеттерінің, сарапшы және жұмыс топтарының жұмысына, әртүрлі деңгейдегі кеңестерге, сондай-ақ тосқауылдарды анықтауға қатысады.

ЕКЭЛҰО-дағы төрағалық әр үш жыл сайын ротациялық негізде жүзеге асырылады. Кезекті үш жылдық кезеңде (2019-2022 жылдары) ЕКЭЛҰО қызметіне Ресей тарапы төрағалық етеді.​