Жүйеге кіру
Қаржы нарықтары бойынша Консультативтік комитеттің алғашқы отырысы болып өтті

Қаржы нарықтары бойынша Консультативтік комитеттің алғашқы отырысы болып өтті

07.12.2012

6 желтоқсан күні Мәскеу қаласында Еуразиялық экономикалық комиссияның жанындағы Қаржы нарықтары бойынша Консультативтік комитеттің алғашқы отырысы болып өтті. Отырысқа Экономика және қаржы саясаты бойынша Консультативтік комитеттің Алқа Мүшесі (Министр) Тимур Сүлейменов төрағалық етті.

Комитеттің жұмысына Беларусь Республикасы Ұлттық банкінің және Қаржы министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің, Ресей Банкінің, РФ Экономикалық даму министрлігінің, Қаржы министрлігінің және Қаржы нарықтары бойынша Федералдық қызметтің өкілдері қатысты.

Консультативтік комитет алдағы жұмысына қатысты бірқатар шешімдерді қабылдады. Атап айтсақ, Еуразиялық экономикалық кеңістікке мүше елдердің қаржы нарықтарында қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптар туралы Келісім жобасының Тұжырымдамасы қабылданды. Үш сектор бойынша (банк секторы, бағалы қағаздар секторы мен сақтандыру секторы) мәліметтермен алмасу туралы Келісімнің Тұжырымдамасын толық пысықтау туралы шешім қабылданды. Келісімдердің жобаларын Консультативтік комитеттің келесі отырысында талқылау жоспарланды.

Сонымен қатар, екі жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды, соның бірі БЭК мүше елдердің қаржы нарығындағы реттеушілердің өкілдерінен құралады, ал екінші топ – қаржы нарығындағы ұлттық кәсіби қауымдастықтардың өкілдерінен құралады. Жұмыс топтарының қызметтері ЕЭК Алқасы үшін ұлттық заңнамаларды үйлестіру бойынша ұсыныстар жасауға бағытталатын болады.

Сонымен қатар, отырыста 2010 жылдың 09 желтоқсанындағы қызметтер саудасы және инвестициялар бойынша Келісімге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы тараптар берген ұсыныстар талқыланды, банк саласын, сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу және дамыту мәселелері бойынша қаржы нарықтарында жағдай жасау туралы Келісімге қатысушы мемлекеттердегі уәкілетті органдар арасында мәліметтер алмасу туралы іс-шаралар Жоспары мақұлданды.

Қаржы нарықтары бойынша Консультативтік комитеттің екінші отырысын 2013 жылдың наурыз айында өткізу жоспарланды.

 Анықтамалық ақпарат:

Еуразиялық экономикалық комиссияның жанындағы Қаржы нарықтары бойынша Консультативтік комитет 28-ші Алқа отырысының қорытындылары бойынша құрылған.

 

Комитеттің қызметі халықаралық үздік жобаларды есепке ала отырып, Кеден одағы мен БЭК қатысушы елдердің қаржы нарықтары саласындағы ұлттық заңнамаларын үйлестіруге бағытталып отыр.

Кеден одағы мен БЭК қатысушы елдердің арасында қаржылық қызметтерді (банк және сақтандыру секторларында, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында) өзара саудалауды кеңейту Комитеттің басым міндеті болып табылады.