Жүйеге кіру
Мукай Кадыркулов: «Үш жыл – ЕАЭО Кеден кодексі секілді ауқымды халықаралық шартты дайындау үшін ұзақ мерзім емес»

Мукай Кадыркулов: «Үш жыл – ЕАЭО Кеден кодексі секілді ауқымды халықаралық шартты дайындау үшін ұзақ мерзім емес»

07.12.2016
Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) Кеден кодексіне желтоқсанда Еуразиялық «бестік» мемлекеттері басшыларының кездесуінде қол қою жоспарлануда. Оптимистік сценарий бойынша құжат 2017 жылдың ортасында-ақ күшіне енеді. Бұл туралы 6 желтоқсандағы ІІІ Еуразиялық экономикалық конгресте Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Кедендік ынтымақтастық жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Мукай Кадыркулов мәлімдеді. 

БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап бере отырып, Мукай Кадыркулов жаңа Кодекс жобасын дайындау мерзімі осындай ауқымды құжат үшін үлкен емес деді. Салыстыру үшін министр Еуропалық одақтың кеден заңнамасын мысалға келтірді, оны әзірлеу он жылдан астам уақытқа созылды.

ЕЭК Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаменті директорының орынбасары Елена Бричева кедендік реттеу мәселелеріндегі ұлттық және ұлтүсті сегментінің өзгеруі туралы әңгімелеп берді.
Елена Бричева қолданыстағы Кеден кодексінде 330 сілтеме норма қамтылады деп атап өтті, олардың бестен екісі –  салықтық, валюталық, әкімшілік, азаматтық және заңнаманың басқа да салаларына сілтеме нормалар. Комиссия өкілінің айтуынша, мұндай сілтеме нормалар жаңа Кодексте де қалды. Ал кедендік реттеуге байланысты сілтеме нормалар (олар КО-ның қолданыстағы КК-нде 211) түбегейлі қайта қаралды.

Жаңа кодекс мәтінінің өзінде ұлтүсті деңгейге ауыстырылған нормалар қатарында Елена Бричева  кеден өкілінің ортақ міндетін, тауарлардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдер қабылдау мәселелерін реттеуді, толық емес декларациялау, кезең-кезеңдік кедендік декаларциялау сияқты кедендік декларациялау ерекшеліктерін және жиналмаған немесе бөлшектелген түрде, соның ішінде жиынтықсыз немесе аяқталмаған түрде тасымалданатын тауарларды кедендік декралациялау ерекшеліктерін атады.
Елена Бричева сонымен қатар жаңа Кодекстің қабылдануымен Комиссия реттейтін мәселелер саны айтарлықтай артады деп баса айтты.

«ЕАЭО Кеден кодексінде Комиссия құзыретін көздейтін 279 норма қамтылады. Бұлар -  жинақтарды, анықтамалықтарды, жиынтық тізілімдерді және ақпаратты қалыптастыру жөніндегі құзыретті есептемегендегі нормалар. Осы 279-дың 96-сы қолданыстағы құзыреттер, ал 183-і Комиссияның жаңа құзыретін көздейді», - деген деректер келтірді ЕЭК өкілі.

Жаңа Кодекс нормаларының артық егжей-тегжейлеп жазылуы туралы сұраққа жауап бере келе, Елена Бричева Кодекстің неғұрлым тәптештеле түскенімен келісті. Бұл ретте ЕЭК Департаменті директорының орынбасары мұндай шараны тараптардың ақылға қонымды талабы деп негіздеді.

«Сарапшылар Кеден Одағының Кеден кодексі бойынша алты жыл жұмыс істеу кезінде барлық анықталған, құқық қолдану практикасындағы олқылықтар мен алшақтықтарды жаңа Кодексте біржақты жазып белгілеуді ұсынды. Нәтижесінде тәптіштеу деңгейі өсті, бірақ бұл негізделген шара», - деп түсіндірді Еленеа Бричева