Жүйеге кіру
Кәсіпкерлік мәселелері бойынша Консультативтік комитеттің екінші отырысы болып өтті

Кәсіпкерлік мәселелері бойынша Консультативтік комитеттің екінші отырысы болып өтті

08.04.2013
5 сәуір күні Мәскеу қаласында ЕЭК Экономика және қаржы саясаты Алқа Мүшесі (Министр) Тимур Сүлейменовтың төрағалығымен Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері бойынша Консультативтік комитеттің (әрі қарай – Комитет) екінші отырысы болып өтті.
Отырысқа Комитет мүшелері, соның ішінде ЕЭК өкілдері, Беларусь Республикасының Экономика және Әділет министрліктерінің, Қазақстан Республикасының Аймақтық даму, Экономикалық даму және бюджеттік жоспарлау, Сыртқы істер министрліктерінің, Ресей Федерациясының Экономикалық даму және Әділет министрліктерінің өкілдері, беларустық, қазақстандық және ресейлік кәсіпкерлікті дамыту бойынша қоғамдық ұйымдарының өкілдері, тәуелсіз сарапшылар қатысты.
Отырысқа Комитет мүшелері, соның ішінде ЕЭК өкілдері, Беларусь Республикасының Экономика және Әділет министрліктерінің, Қазақстан Республикасының Аймақтық даму, Экономикалық даму және бюджеттік жоспарлау, Сыртқы істер министрліктерінің, Ресей Федерациясының Экономикалық даму және Әділет министрліктерінің өкілдері, беларустық қазақстандық және ресейлік кәсіпкерлікті дамыту бойынша қоғамдық ұйымдарының өкілдері, тәуелсіз сарапшылар қатысты.
Комитеттің отырысын аша отырып, ЕЭК Экономика және қаржы саясаты Министр Т. Сүлейменов ЕЭК, сондай-ақ Беларусь, Қазақстан, Ресей елдерінің ұлттық мемлекеттік билік органдарының және Комитеттің алаңындағы бизнес-қоғамдастықтардың бірлескен жұмысы, өзара сауда-саттықтағы әкімшілік кедергілердің кемуіне және бизнесті сәтті түрде жүргізу үшін ыңғайлы инвестициялық ортаны құруға мүмкіндік туғызуы тиіс деп баса айтты.

Отырыста Кеден одағы (КО) мен Біртұтас экономикалық кеңістік (БЭК) мүше мемлекеттердегі шағын және орта бизнестің (ШОБ) статистикасына жүргізілген салыстырмалы талдаудың нәтижелері, Ресейде шағын және орта бизнестің құқықтарын қорғау бойынша омбудсменнің қызметін қалыптастырудағы жекелеген мәселелер, КО мүше елдердің арасындағы сауда-саттықта кездесетін әкімшілік кедергілердің пайда болу факторлары, 2010 жылғы 9 желтоқсандағы БЭК қатысушы мемлекеттеріндегі қызметтер сауда-саттығы мен инвестициялар туралы Келісімнің орындалуына жасалатын мониторингтің проблемалары қаралды.
Сонымен қатар, отырыста КО ортақ аумағында алкогольдік өнімдердің айналымы басталатындығы туралы хабарламаны енгізу және КО аумағына алкогольдік өнімдерді импорттау кезінде кеден баждарының төленуін қамтамасыз ету сертификатын қолдану мәселелері де қаралды. Оның үстіне, отырыста КО мен БЭК ортақ аумағында этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіру және айналымға шығару туралы Келісімнің жобасын әзірлеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың барысы талқыланды.
Отырыстың қорытындысы бойынша, проблемалық мәселелер бойынша келісілген шешімдер қабылданды. Атап айтқанда, халықаралық тәжірибелерді есепке ала отырып, кәсіпорындарды ШОБ субъектілеріне жатқызудың КО мен БЭК мүше мемлекеттер үшін бірыңғай шамаларын әзірлеу мәселелері бойынша ЕЭК пен Тараптардың сарапшыларының жұмыс мәжілісін өткізуге, сондай-ақ КО мен БК ШОБ субъектілерінің қызметтеріне салыстырмалы талдау әдістемесі бойынша ұсыныстарды беруге шешім жасалды.
Қазақстанның «Атамекен» Одағы» ҰЭП өкілінің КО мүше мемлекеттердің арасындағы өзара сауда-саттықта кедергілердің бар екендігі туралы баяндамасына байланысты ЕЭК Кәсіпкерлікті дамыту және Қаржы саясаты департаменттерінің осы аталған мәселелер бойынша жүргізген жұмыстары туралы ақпараттарды назарға алу жайында шешім қабылданды, сондай-ақ алдағы жұмыс тәртібі айқындалды. Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясының бизнес-қоғамдастықтары мен уәкілетті органдарына КО мүше мемлекеттер арасындағы сауда-саттықтағы кәсіпкерлік қызметтерде кезігетін проблемалар жайында осындай ақпарат табыс ету ұсынылды.
Сонымен қатар, Комитеттің мүшелері ЕЭК Кәсіпкерлік қызметті дамыту Департаментіне Беларусь Республикасының ұсынысы бойынша 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Біртұтас экономикалық кеңістікке қатысушы мемлекеттерде қызметтер сауда-саттығы мен инвестициялар туралы Келісімді қорғаушылық қызмет және заңгерлік қызметтер көрсету бойынша қызметке қатысты бөлігінде түзетулер енгізу бойынша қорытынды дайындаудың қажеттігі туралы шешім қабылдады. Қорытынды соңғы нақты позицияларды қалыптастырып алу үшін Тараптарға жіберілетін болады.
Отырыстың барысында ЕЭК Кәсіпкерлік қызметті дамыту Департаменті КО ортақ аумағында алкогольдік өнімдердің айналымы басталатындығы туралы хабарламаны енгізу процедураларының БЭК қатысушы мемлекеттеріндегі қызметтер сауда-саттығы мен инвестициялар туралы Келісім ережелеріне сәйкестігі туралы сараптамалық қорытынды даярлайтындығы туралы шешім де қабылдады. Қажет болған жағдайда, Комиссияда туындауы ықтимал ереже бұзушылықтарды жою үшін шаралар қолданылатын болады.
Қаржы саясаты Департаментіне ЕЭК Кәсіпкерлік қызметті дамыту Департаментімен және ЕЭК басқа құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе жүріп, 2010 жылғы 21 маусымдағы «Кедендік транзиттің кеден процедураларына сәйкес тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік баждардың төленуін қамтамасыз етуді ұсынудың, сондай тауарларға қатысты кеден баждарын, салықтарды өндіріп алу мен өндіріліп алынған сомаларды аудару тәртібіндегі ерекшеліктердің кейбір мәселелері туралы» КО Келісімдерін өзгерте алатын «Алкоголь өнімдерін өндірушілер комитеті» ҰП ұсынған нормалардың редакциялануын қарау және аталмыш толықтырудың Келісімге енгізілуінің орындылығы нысанасына қорытынды дайындау тапсырылды. Оң қорытындыға қол жеткізілген жағдайда, ЕЭК Қаржы саясаты департаменті бұл құжатқа өзгерістер енгізілуіне бастама жасайтын болады.
Сонымен қоса, отырыстың барысында КО мен БЭК ортақ аумағында этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіру және айналымға шығару туралы Келісімнің жобасындағы этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіру және айналымға шығарылуын ұлттықтан жоғары деңгейде реттеуге деген көзқарастар мақұлданды.
Анықтамалық ақпарат.
Кәсіпкерлік мәселелері бойынша Консультативтік комитет 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 171 Шешімімен құрылған.
ЕЭК Экономика және қаржы саясаты бойынша Алқа Мүшесі (Министр) Т. М. Сүлейменов Кәсіпкерлік мәселелері бойынша Консультативтік комитеттің төрағасы болып табылады. ЕЭК Кәсіпкерлік қызметті дамыту Департаментінің директоры Р.А. Ақбердин Комитеттің Жауапты хатшысы болып табылады.