Жүйеге кіру
ЕЭК министрі Гегам Варданян: «ЕАЭО-ның ішкі нарығындағы кедергілерді жою жөніндегі жол картасының іс-шаралары 63% іске асырылды»

ЕЭК министрі Гегам Варданян: «ЕАЭО-ның ішкі нарығындағы кедергілерді жою жөніндегі жол картасының іс-шаралары 63% іске асырылды»

08.07.2020

ЕЭК Алқасының отырысында ЕЭК Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрі Гегам Варданян 2018-2019 жылдар ішінде ЕАЭО-ның ішкі нарығындағы алып қоюлар мен шектеулерді жою жөніндегі жол картасын іске асыру мониторингі қорытындылары туралы есепті таныстырды. Құжатты бұдан бұрын Еуразиялық үкіметаралық кеңес бекіткен болатын.

Таныстырылым барысында жол картасын іске асыру мәртебесі ұсынылды. Құжат 17 кедергіні – екі алып қою мен 15 шектеуді жоюға бағытталған.

Министр атап өткендей, жол картасының іс-шаралары жоспарлы көрсеткіштен 63% іске асырылды. Сөйтіп, 35 іс-шараның 22-сі орындалды. Бұл 6 кедергіні жоюға әкелді. ЕЭК мүше мемлекеттермен бірлесіп қалған 11 кедергімен жұмысты жалғастыру үстінде.

«Біздің бағалауымыз бойынша, жол картасына кірістірілген тек жекелеген кедергілерді жою бизнестің транзакциялық шығындарын шамамен $100-120 млн кемітеді. Тұтастай алғанда, жол картасына кірістірілген кедергілерді жоюдың жиынтықты оң нәтижесі өзара сауда көлемінің 1,5%-нан 2%-на дейін өзгеріп отырады», – деп хабарлады Гегам Варданян.​