Жүйеге кіру
ЕЭК Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті директорының орынбасары Самат Алиев Қырғыз Республикасының уәкілетті органдарының басшыларымен еңбек көші-қоны мен көші-қон саясаты саласында жұмыс кездесулерін өткізді

ЕЭК Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті директорының орынбасары Самат Алиев Қырғыз Республикасының уәкілетті органдарының басшыларымен еңбек көші-қоны мен көші-қон саясаты саласында жұмыс кездесулерін өткізді

07.08.2014

6 тамыз күні Бішкекте Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті директорының орынбасары Самат Алиев пен Қырғыз Республикасының бірқатар ведомстволары – ҚР Еңбек, көші-қон және жастар министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Әлеуметтік қоры басшыларының жұмыс кездесуі болып өтті. 

Кездесу барысында Самат Алиев Қырғыз тарапының өкілдеріне Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының құрылымы мен жұмысының ұйымдастырылуы, сонымен қатар Кеден одағы (КО) мен Біртұтас экономикалық кеңістікке (БЭК) мүше-мемлекеттердің одан әрі ықпалдасуының негізгі бағыттары туралы әңгімелеп берді.

Іс-шараға қатысушылар Қырғыз Республикасының Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Біртұтас экономикалық кеңістігіне және Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы бойынша іс-шаралар жоспарының («жол картасы») тармақтарымен қарастырылған еңбек көші-қоны саласындағы, сонымен қатар Қырғыз Республикасының 2010 жылдың 19 қарашасындағы Үшінші елдерден заңсыз еңбек көші-қонына қарсы әрекет жасау бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қосылу мәселелерін талқылады. 

Бұдан басқа, Самат Алиев қырғыз тарапының өкілдеріне Еуразиялық экономикалық комиссиямен Зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттың концепциясының әзірленуі туралы әңгімеледі.