Жүйеге кіру
Тимур Жақсылықов: «Брокерлер мен дилерлерді ұйымдасқан сауда-саттыққа қатысуға жіберу туралы келісімді іске асыру Одақтың биржалық кеңістігін құруды жандандырады»

Тимур Жақсылықов: «Брокерлер мен дилерлерді ұйымдасқан сауда-саттыққа қатысуға жіберу туралы келісімді іске асыру Одақтың биржалық кеңістігін құруды жандандырады»

IMG_6935.jpg
08.10.2019

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) жанындағы Қаржы нарықтары жөніндегі консультативтік комитеттің отырысында Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) ортақ қаржы нарығын құру, сондай-ақ қаржылық қызметтер көрсетуге қол жеткізу мен сапасын арттыру мәселелері қаралды. Отырыс ЕЭК-тің Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Тимур Жақсылықовтың төрағалығымен Ереванда (Армения Республикасы) өтті.

Отырысты аша келіп, Тимур Жақсылықов 1 қазанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес ЕАЭО-ның ортақ қаржы нарығын қалыптастыру тұжырымдамасын бекіткенін хабарлады. «Бұл ортақ қаржы нарығын құру процесін құрылымдайтын және оларға қосымша қозғау салатын маңызды құжат», – деп мәлімдеді ЕЭК министрі.

Отырысқа қатысушылар ЕАЭО-ның бір мемлекетінің брокерлері мен дилерлерін басқа мүше мемлекеттердің биржаларындағы ұйымдасқан сауда-саттыққа қатысуға жіберу туралы келісім жобасының жаңа редакциясын қарады.

​«Брокерлер мен дилерлерді жіберу туралы келісім қор биржаларына өзара қол жеткізуді қамтамасыз етуге, бағалы қағаздарды сатып алу-сату шарттарын жасасу үшін биржалық сауда-саттықтарға тікелей қатысуға және тұтастай алғанда ЕАЭО-ның ортақ биржалық кеңістігін құруға ықпал ететін болады», – деп атап көрсетті Тимур Жақсылықов.


Брокерлер мен дилерлерді жіберу туралы келісім бұл ретте биржалық сауда-саттықтарға және есептесу жүйелеріне кемсітпеушілікпен қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, брокерлер мен дилерлердің лицензияларын өзара тануда тосқауылдарды алып тастауды көздейді.

 

Консультативтік комитет мүшелері ЕАЭО мемлекеттеріндегі биржаларда бағалы қағаздардың орналасуы мен айналысына өзара жіберу туралы келісім жобасын да қарады.

 

Сондай-ақ ЕАЭО мемлекеттерінің қаржы саласындағы заңнамасын одан әрі үндестіру және ЕАЭО-ның ортақ биржалық кеңістігін қалыптастыру жөніндегі «жол картасын» іске асыру мәселелері қаралды.

 

Бұдан басқа, отырысқа қатысушылар ЕАЭО мемлекеттері арасындағы кедендік әкелу баждарының ұлттық валюталардағы аударылуын ұйымдастыру тәсілдемелерін талқылады. Еуразиялық даму банкінің ұлттық валюталарда бөлінген кедендік әкелу баждарын есептеу үшін есептеу-клиринг жүйесін пайдалану туралы ұсынысы үлкен қызығушылық тудырды.


Консультативтік комитеттің шешімімен сақтандыру (кепілдік беру), банк салымдары, ЕАЭО аумағында кредиттік ұйымдардың жойылуы, қаржылай сауықтырылуы және банкроттығы саласындағы заңнаманы үндестіру мәселелері бойынша сарапшылық топ құрылды.


Сондай-ақ отырысқа қатысушылар лицензиялар бойынша дерекқор және эмитенттер әрі бағалы қағаздар бойынша дерекқор құрумен байланысты қаржы нарықтары саласында жалпы процестерді іске асыру қағидасының жаңа редакциясын талқылады.


Отырыс қорытындысында қаржы нарығына қатысушыларды корпоративтік басқару жүйесіне қойылатын талаптар қаралды.