Жүйеге кіру
ЕАЭО-ның ауыз суға арналған техрегламентіне қойылатын стандарттар тізбесі өзгерді

ЕАЭО-ның ауыз суға арналған техрегламентіне қойылатын стандарттар тізбесі өзгерді

08.10.2019

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасы 8 қазанда халықаралық ынтымақтастық, кедендік және техникалық реттеу, бәсекелестік, сауда, Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) дәрі және медициналық бұйымдар нарығының жұмыс істеуі салаларындағы мәселелерді қарады.

ЕАЭО-ның «Табиғи минералды суды қоса алғанда, қапталған ауыз судың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің талаптарын қолдану және орындау үшін қажетті зерттеулер (сынаулар) мен өлшемдер қағидаттары мен әдістерін қамтитын стандарттар тізбесіне өзгерістер енгізілді.

Өзгерістерге сәйкес тізбе табиғи минералды және араластырылған ауыз сулардың катионды-анионды құрамын және минералдану деңгейін зерттеу әдістерімен толықтырылатын болады. Бұл өнімнің аталған түрлерін сәйкестендіруді толық көлемінде жүргізуге және оның одақтық техрегламент талаптарына сәйкестігін растауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

ЕЭК Алқасы Медициналық бұйымдарға арналған тіркеу дерекнамасын құру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды мақұлдады.

Құжат медициналық бұйымдар өндірушілерге арналған берілетін құжаттардың нысаны, оларда қамтылатын ақпарат көлемі, мәтінге қойылатын техникалық талаптар мен құжаттардың ресімделуі бойынша нұсқамаларды қамтиды.

Ұсынымға қосымшаларда медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі мен тиімділігін зерттеу кезіндегі зерттеулерді жоспарлау алгоритмі, сондай-ақ зерттеулер нәтижелері бойынша есепте қамтылатын ақпарат көлемі келтірілген. Ұсынымдар Медициналық бұйымдарды тіркеу және қауіпсіздігі сараптамасы, сапасы мен тиімділігі қағидаларына сәйкес медициналық бұйымдарды тіркеу үшін құжаттар дайындау кезінде де, сол сияқты сарапшы ұйымдардың тіркеу дерекнамасын бағалауы кезінде де пайдаланылуы мүмкін.

Оларға қатысты кедендік декларация беру Одақтың «Тағамдық қоспалардың, ароматизаторлардың және технологиялық көмекші құралдардың қауіпсіздік талаптары» және «Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрт сөндіру құралдарына қойылатын талаптар туралы» техрегламенттеріне сәйкестігін бағалау туралы құжат ұсынумен ілесе жүретін өнімдер тізбесі бекітілді.

ЕЭК Алқасы ыстықтай тапталған прокатқа қатысты арнайы квота нысанындағы арнайы қорғау шараларын қолдану тәртібін бекітті. Бекітілген тәртіп ЕАЭО мүше мемлекеттерінің қорғау шараларына тиімді әкімшілік жүргізуін қамтамасыз етуге және нарыққа қатысушыларға оларға берілген арнайы квота көлемін таңдау жөнінде болжанатын жағдайлар жасауға көмектеседі.

Арнайы квота ЕЭК Алқасының 2019 жылғы 6 тамыздағы № 137 шешімімен белгіленді және 2019 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданыла бастайды. ЕЭК Алқасының қабылданған шешіміне сәйкес арнайы баж төлемей-ақ квота көлемі шеңберінде ыстықтай тапталған прокат жеткізу мүмкіндігі қамтамасыз етілді. Арнайы баждың квотадан тыс ставкасы кедендік құннан 20% құрайды.