Жүйеге кіру
Дмитрий Некрасов: «Уәкілетті экономикалық операторлар – ЕАЭО елдері кеден органдарының тірегі»

Дмитрий Некрасов: «Уәкілетті экономикалық операторлар – ЕАЭО елдері кеден органдарының тірегі»

08.12.2016

Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) Кеден кодексінде уәкілетті экономикалық оператор (УЭО) мәртебесінде жұйыс істейтін, заңға бағынатын бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер көзделеді. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаментінің директоры Дмитрий Некрасов 2-бүкілресейлік УЭО форумын аша отырып, мәлімдеді.

«Озық практика көрсетіп отырғандай, уәкілетті экономикалық операторлар кеден органдарының негізгі тірегі болып табылады, - деп мәлімдеді Дмитрий Некрасов. – Меморгандар мен бизнестің қарым-қатынастары өзара тиімді әріптестікке құрылады. Тасымалданатын тауарларды бақылаудың жоғары стандарттарын ұстану арқасында оператор айтарлықтай артықшылақтар алады».

Департамент өкілдері жаңа Кодекс жобасында жазылған УЭО институтының қағидаттық түрдегі жаңа тұжырымдамасы туралы айтып берді. Ол барлық халықаралық стандарттар мен озық практикаға сай келеді. Арнайы оңайлатулар тізбесін кеңейтуге, қаржы орнықтылығы мен қоймаларға қойылатын талаптар сияқты УЭО мәртебесінің жаңа шарттарына қатысты ережелер бизнестің ерекше көңілін аудартты.

Бизнес декларанттарға ғана емес, кеден өкілдеріне, уақытқа сақтау қоймаларының иелеріне де арнайы оңайлатуды қолдану мүмкіндіктерін және т.б. оң бағалады. Комиссия өкілдері түсіндіріп өткендей, ЕАЭО Кеден кодексінің 61-тарауы халықаралық жеткізілім тізбегіне қатысатын тұлғалардың әртүрлі санаттарына бағдарланған, бұл Дүниежүзілік кеден ұйымы мен Дүниежүзілік сауда ұйымының стандарттарына сәйкес келеді.

Форумда бүгінде арнайы оңайлатуларды қолдану кезінде кәсіпкерлерде туындайтын проблемалар туралы мәселелер көтерілді. Комиссия өкілдері жекелеген арнайы оңайлатуларды қолдану бойынша бірқатар проблемалардың туындауы әлі қолданылып жүрген Кеден одағының Кеден кодексіндегі УЭО жөніндегі баптардың осы құжаттың өзге баптарымен технологиялық аспектілерді нақты реттеудің және қисынды өзара байланыстың болмауына байланысты болып отыр деп түсіндірді.

«Бұл проблема жаңа Кодексте толық реттелген. ЕАЭО Кеден кодексі арнайы оңайлатуларды кедергісіз қолдану үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді, - деп сендірді бизнес қоғамдастығын Дмитрий Некрасов.

Комиссия өкілдері УЭО қоймаларында кеден транзитінің кедендік рәсімін аяқтау тәртібін айқындайтын, жақында қабылданған шешімге аудиторияның назарын аудартты. ЕЭК Алқасының бұл шешімі уәкілетті экономикалық операторлар өз қоймаларында транзитті аяқтау кезінде тап болатын көптеген проблемаларды реттеуге мүмкіндік береді.

Іс-шараға қатысушылар Комиссияның Одақта УЭО институтын дамытудағы оң рөлін атап өтіп, жаңа қағидалардың жедел күшіне енгенін күтетіндіктерін айтты.

Анықтама

Уәкілетті экономикалық операторлардың (УЭО) 2-бүкілресейлік форумы 6 желтоқсанда Мәскеуде өтті. Іс-шараға сыртқы экономикалық қызметке 80-нен астам қатысушылар, соның ішінде жұмыс істеп тұрған УЭО-лар, ЕЭК-тің, Федералдық кеден қызметінің өкілдері және кеден жөніндегі омбудсмен қатысты.