Жүйеге кіру
«Біртұтас экономикалық кеңістік елдерінің қаржы нарықтарын ықпалдастыру: стратегия және тактика» форумының қорытындысы бойынша ЕЭК форумға қатысушылармен бірігіп қорытынды бұрыштама дайындады

«Біртұтас экономикалық кеңістік елдерінің қаржы нарықтарын ықпалдастыру: стратегия және тактика» форумының қорытындысы бойынша ЕЭК форумға қатысушылармен бірігіп қорытынды бұрыштама дайындады

09.04.2014
Бүгін Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) 20 наурыз күні Жаңалықтар РАА алаңында болып өткен, «Біртұтас экономикалық кеңістік елдерінің қаржы нарықтарын ықпалдастыру: стратегия және тактика» форумының қорытындылары бойынша қорытынды бұрыштама дайындады.

Бұрыштаманы ЕЭК форумға қатысушылар – реттеуші органдардың, бизнес-қауымдастықтардың, сақтандыру, банктік және қор нарықтарының кәсіби қатысушыларының жетекші бірлестіктерінің, ірі биржалық алаңдардың, КО және БЭК мүше-елдердің сараптамалық және ғылыми шеңберлерінің өкілдерімен бірігіп әзірледі.

Бұрыштама - бағалы қағаздар нарығы, банктік қызметтер;

- сақтандыру ;

- тұтынушылар құқығын қорғау және халықтың қаржылай сауаттылығын дамыту;

- факторинг;

- халықаралық салық салу, салық саясатын үйлестіру, қайта офшорлау;

- капиталды заңсыз шығару, қылмыстық жолмен алынған, кірістерді заңдастыруға (ақшаның ізін жасыруға) қарсы әрекет ету сияқты секторларға қатысты.

Атап айтқанда, бұрыштамада бағалы қағаздар нарығына, банктік қызметтерге қатысты ортақ қаржылай бәсекелі ортаны қамтамасыз ету мақсатында заңнаманы үйлестіру үрдісін жеделдету ұсынылады. Тараптарға 2019-2020 жылдарға дейін қаржылық делдалдардың лицензияларын өзара мойындау мәселелерін шешуге бағытталған, заңнаманы бірлесіп үйлестіру бағдарламасын әзірлеу ұсынылды. Ұлттықтан жоғары реттеуші органды 2020 жылдан бастап  кезеңмен қалыптастыру ұсынылады. Бұрыштамада Біртұтас экономикалық кеңістіктің аумағында қаржы мекемелерінің филиалдарының толық қызмет етуіне кедергі болатын, барлық кедергілерді алып тастауға тырысу, сонымен қатар төлеу-есеп-айырысу операцияларын жүзеге асыру қауіп-қатерлерін азайту мақсатында БЭК шеңберінде ықпалдасқан төлем жүйесін қалыптастыру мүмкіндігі туралы мәселені зерттеу ұсынылды.

Бұрыштамада Біртұтас экономикалық кеңістікке мүше-мемлекеттердің ортақ сақтандыру нарығын кезеңмен құру туралы сөз болып отыр, бұл БЭК қатысушы-мемлекеттердің сақтандыру саласындағы заңнамасын үйлестіргеннен кейін немесе біріздендіргеннен кейін ғана мүмкін. Бұл ретте бұрыштамада осы сектордағы заңнамалық кедергілер тіркелген, олар сақтандыру нарығына кәсіби қатысушылардың БЭК қатысушы-мемлекеттердің нарықтарына өзара енуін бөгейді. 

Қаржы қызметтерін тұтынушылардың мүдделерін қорғау және халықтың қаржылай сауаттылығын жоғарылату бұрыштамада азаматтардың сапалы қаржы қызметтеріне тепе-тең қол жетімдік шарттарын қамтамасыз ететін, КО және БЭК елдерінің қаржы нарықтарын ықпалдастырудың құрамдас элементтерімен жарияланған. Комиссияның қамқорлығымен қаржы өнімдері мен қызметтерінің сапасына, қаржы нарығының мамандарының біліктілігіне қойылатын талаптар, халықтың қаржылай сауаттылығының базалық деңгейі және оны жоғарылату әдістемелері сияқты бағыттар бойынша белгілі бір стандарттарға жету мақсатында қаржы қызметтерін тұтынушылардың мүдделерін қорғау бойынша қызмет тәжірибесін табыстау және халықтың қаржылай сауаттылығын жоғарылату бойынша жұмыс жүргізу ұсынылады. Қаржы қызметтерін тұтынушылардың мүдделерін қорғау және қаржылай сауаттылығын жоғарылату мәселелері бойынша бірыңғай ақпараттық деректер банкін қалыптастыру мақсатты болып табылады.

Бұрыштамада факторингке қатысты Халықаралық факторингтік операциялар бойынша УНИДРУА конвенциясының ережесі негізінде факторингтік қызметті реттейтін заңнаманы үйлестіру бойынша «жол картасын» әзірлеуге кірісу ұсынылды. 

Сондай-ақ, құжатта заңнаманы жетілдіруге және тауарлар, қызметтер, капитал және жұмыс күшінің ортақ нарығын құруға бағытталған, халықаралық салық салуға қатысты ЕЭК-ға ұсынылған қызмет бағыттарын концептуалды қабылдау ұсынылды. 

Атап айтқанда, мыналарды қарастыру ұсынылды: 
- КО және БЭК мүше-мемлекеттердің жеке тұлғаларының кірістеріне салық салу кезінде кемсітпеу туралы норма, сонымен қатар ұзақ мерзімді келісім-шартты жасау кезінде бірінші күндерден бастап салық салудың бірыңғай шарттарын қолдану мүмкіндігін беретін норма;
- өзара саудада ҚҚС өндіріп алу жүйесін, соның ішінде ақпараттық технологияларды қолдана отырып одан әрі жетілдіру мақсатында салық (немесе кеден) органына құжаттарды ұсынған кезде салық төлеушілер үшін құжат айналымын жеңілдету;
- аса сезімтал акцизделетін тауарларға, соның ішінде алкогольдік және темекі өніміне акциздердің мөлшерлемелерін үйлестіру және осы саладағы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту.

Бұрыштама қайта офшорлау бойынша шарала бөлігінде КО және БЭК мүше-мемлекеттер бизнесінің сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттігіне теріс әсер етпейтін, офшорлы заң құзыретімен жұмыс істейтін компанияларға салық салу механизмінің әзірленуін көздейді. Осы шаралар капиталдарды шығаруға әрекет етуге және офшорларда тіркелген шаруашылық жүргізетін субъектілермен мәмілелер жүзеге асырған кезде салық салудан кетуге қарсы әрекет етуге бағытталған.  

Трансфертті бағаның белгіленуін бақылауға қатысты салық органдары арасындағы ақпарат алмасуды кеңейту, бағаларды негіздеудің жалпы әдістерін әзірлеу, қосарлы салық салуды болдырмау туралы келісімдерді (шарттарды, конвенцияларды) қайта қарау.

Бұдан басқа, бұрыштамада КО және БЭК мүше-мемлекеттердің арасында тасымалданатын тауарларды кедендік рәсімдеу мен бақылаудың жоқтығымен шартталған сызбаларды пайдалана отырып, КО және БЭК мүше-мемлекеттерден капиталдарды заңсыз шығару ауқымдарының өсуі атап өтілген. Осыған орай бұрыштамада тауарлардың елдеріміз арасында тасымалдануын бақылау және капиталдың заңсыз шығарылуын алдын алудың баламалы механизмдерін ұйымдастыру бойынша шаралар кешенін әзірлеу ұсынылады. Құжатта ықпалдасқан ақпараттық жүйені құру ұсынылады, Тараптар оның шеңберінде өзара әрекеттеседі:

банктер арасында – банктерде импорттаушылар (экспорттаушылар) тіркеген келісім-шарттар туралы ақпаратпен алмасу;

кедендік органдар арасында – импорттаушылар (экспорттаушылар) берген статистикалық декларациялар туралы мәліметтермен алмасу;

салық органдары арасында – импорттаушылардың ҚҚС төлеуі туралы ақпаратпен алмасу.

Бұрыштамада Тараптардың үкіметтеріне Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (ақшаның ізін жасыруға) және қолма қол ақшалай қаражаттарды және (немесе) ақшалай құралдарды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тасымалдау кезінде лаңкестікті қаржыландыруға қарсы әрекет ету саласындағы ақпаратпен алмасу туралы келісімнің жобасын дайындау бойынша жұмысты активтендіру ұсынылады. КО және БЭК мүше-мемлекеттердің қылмыстық жолмен алынған кірістердің ізін жасыруға және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы әрекет ету саласында ақшаның ізін жасырумен күресудің қаржылық шараларын (ФАТФ) әзірлеу тобының халықаралық стандарттарын қадағалау мақсатында бұрыштамада Еуразиялық экономикалық комиссияға Кеден одағын ұлттықтан жоғары заң құзыреті ретінде мойындау туралы өтінішті ФАТФ-қа жолдау ұсынылды. 

Форумның қорытынды бұрыштамасымен http://www.eurasiancommission.org/ru/act/finpol/dofp/SiteAssets/09_04_2014_resolution.pdf ​сілтемесі бойынша танысуға болады.