Жүйеге кіру
ЕЭК Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың 2.0 негізгі бағыттарын әзірлейді

ЕЭК Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың 2.0 негізгі бағыттарын әзірлейді

09.07.2020

Еуразиялық экономикалық комиссияның өнеркәсіп блогы Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен бірлесіп ЕАЭО-ның нақты секторында жүзеге асыруға арналған жаңа стратегиялық құжат – Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың 2025 жылға дейінгі 2.0 негізгі бағыттарын әзірлейді. Бұл туралы ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Артак Камалян Минскіде Беларусь Республикасының Мемлекеттік ғылым және технологиялар комитетінің (МҒТК) төрағасы Александр Шумилинмен жұмыс кездесуі барысында мәлімдеді.

«Одақ елдерінің басшылары 2020 жылды сапалық жаңа кезең ретінде – біздің бірлестігіміздің қалыптасуынан ауқымды практикалық интеграциялық күн тәртібін іске асыра бастауға көшу деп белгіледі. Негізгі бағыттар бұл логикаға толық сәйкес келеді», –  деп мәлімдеді Артак Камалян.

Құжатта технологиялық болжау жүйесін, Еуразиялық құзырет орталықтарын құру, бірқатар перспективалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе мен білім алмасу, индустриялық-инновациялық инфрақұрылым объектілері шеңберінде ынтымақтастықты тереңдету көзделген.

Тараптар өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады. Бұл ретте Александр Шумилин Беларусь ЕАЭО шеңберінде ғылыми-техникалық және инновациялық ынтымақтастықты кеңейтуді, соның ішінде Еуразиялық технологиялық платформаларды қалыптастыру, одақтық мемлекетаралық бағдарламаларды іске асыру және ЕАЭО туралы шартқа ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы бөлімді кірістіру арқылы жақтайтынын атап көрсетті. Беларусь мемлекеттік ғылым және технологиялар комитетінің пікірінше, бірлескен жобаларды қаржыландыру үшін Еуразиялық даму банкінің базасында ЕАЭО-ның венчурлік қоры құрылуы мүмкін.

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің Жерді қашықтан зондтау деректерінің ұлттық көздері негізінде ғарыштық және геоақпараттық өнімдер өндіру мен қызметтер көрсету ұсыну жөніндегі мемлекетаралық бағдарламаны қабылдауы осы саладағы ойдағыдай кооперацияның мысалы бола алады. Оны ЕАЭО елдерінің Үкімет басшылары осы жылғы шілде айында өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің таяудағы отырысында қарауды белгілеп отыр.

Бұдан басқа, Артак Камалян мен Александр Шумилин Мемлекеттік комитеттің Беларусьтің технологиялық болжамды әзірлеу орайында Еуроодақпен ынтымақтастығының оң тәжірибесін Одаққа тарату жөніндегі бастамаларын пысықтауға уағдаласты.

МҒТК ЕАЭО-мен технопарктер мен ғылыми ұйымдарды сертификаттау, пилотсыз техника жасаудағы белорус атқарымдарын пайдалану, белорус томографын жасауды қоса, медицина саласындағы ынтымақтастыққа әзір екендігін білдірді.​