Жүйеге кіру
ЕЭК министрі Артак Камалян: «Комиссия Беларусьтегі әріптестерімен сындарлы диалогты жалғастыруға мүдделі»

ЕЭК министрі Артак Камалян: «Комиссия Беларусьтегі әріптестерімен сындарлы диалогты жалғастыруға мүдделі»

09.07.2020

Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Артак Камалян Беларусь Республикасының Экономика министрі Александр Червяковпен кездесуі барысында Министрліктің Еуразиялық экономикалық одақ органдарының консультативтік және кеңесші органдарының жұмысына белсенділікпен қатысқаны үшін алғысын білдірді.

Атап айтқанда, ол ЕАЭО туралы шартты өнеркәсіптік субсидиялар саласында іске асыру бойынша белсенді бірлескен қызметті атап өтті. Бұл ретте Артак Камалян Беларусьтің өнеркәсіптік субсидиялар туралы хабарламаны Комиссияға және басқа мүше мемлекеттерге уақытылы және толық шамасында жіберетінін, сонымен осы салада өзара хабардар ету жөніндегі өз міндеттемелерін адал орындап отырғанын атап көрсетті.

«Біз сауда-экономикалық салада Одақ шеңберіндегі одан арғы өзара іс-қимыл, өзара пайдалы негізде бірлескен жобаларды жүзеге асыру және ынтымақтастықтың жаңа архитектурасын түзу үшін Беларусь Республикасындағы әріптестерімізбен сындарлы диалогты жалғастыруға мүдделіміз», –  деді ЕЭК министрі.

Одақтағы экономиканың дамуын талдай келіп, Комиссия өкілі пандемия дамуының бірінші кезеңінде, 2020 жылдың басында, қатаң шектеу шаралары енгізілгенге дейін ЕАЭО елдерінің өнеркәсібі белсенді дамуын жалғастырды, деп атап өтті. Мүше мемлекеттердің бірлескен күш-жігері арқасында Одақтың барлық елінде бірінші тоқсанда өнеркәсіп өндірісі өсті. Оның өсімі елдер бойынша орташа 1,6% құрады.

 

Артак Камалян Александр Червяковты Еуразиялық даму банкімен ынтымақтастықты тереңдету және бұдан әрі осы бағыттағы жұмысты жандандыру туралы хабардар етті. Ол Беларусь Республикасының Экономика министрлігін одақтық кооперациялық жобалар бойынша ұсыныстар дайындауға қатысуға шақырды.

Беларусь Республикасы Экономика министрлігінің ұсынысы бойынша тараптар ЕАЭО-дағы кооперациялық тізбектерді, бірлескен іргелі ғылыми зерттеулерді Одақтың қаржы институтарын іске қосу арқылы қаржыландыру мүмкіндігін пысықтауға уағдаласты.

ЕАЭО-ның дербес маңызды бағыты - кейіннен ТМД елдерін және басқа мемлекеттерді тарта отырып, цифрлық платформаға сәйкес келетін материалдық емес активтер нарығын қалыптастыру болуға тиіс.