Жүйеге кіру
Ресей Беларусь алмұртының жеткізілімін қайта жалғастырды

Ресей Беларусь алмұртының жеткізілімін қайта жалғастырды

09.07.2020

Беларусь Республикасынан Ресейге алмұрт жеткізу бойынша ЕАЭО-ның ішкі нарығындағы кедергі алып тасталды.

 Беларусь Республикасы Экономика министрлігінің «Россельхознадзор»-дың алмұрттың Ресейге жеткізіліміне уақытша шектеулер енгізуі жайындағы өтінісі негізінде Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықтардың жұмыс істеуі департаменті Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің міндеттемелерін орындау мониторингін жүргізді. Тосқауыл белгілері бар кедергілердің болып отырғаны туралы қорытынды әзірленді.

Жүргізілген екіжақты келіссөздер шеңберінде Беларусь Республикасынан Ресейге алмұрт жеткізу кезіндегі шектеулерді 2020 жылғы 10 маусымнан бастап алып тастау туралы шешім қабылданды.

«Біз Ресейдің тосқауыл белгісі бар кедергіні ЕЭК Алқасының тиісті шешімі қабылданбай-ақ алып тастағанын құптаймыз», –  деді ЕЭК Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпаратттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министрі Гегам Варданян.​