Жүйеге кіру
ЕАЭО-да Беларусь сиыр етінің Ресейге жеткізілімі қалпына келтірілді

ЕАЭО-да Беларусь сиыр етінің Ресейге жеткізілімі қалпына келтірілді

09.07.2020

9 шілдеден бастап «Россельхознадзор» кейбір белорус кәсіпорындары өндіретін сиыр етінің Ресейге жеткізіліміне қойылған уақытша шектеулердің күшін жойды.

Еске сала өтсек, 6 шілдеден бастап Беларусь сиыр етінің Ресей аумағы арқылы өткізілуі қайта жалғастырылғаны мәлім.

Шешім Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясының екіжақты келіссөздерінің қорытындысы бойынша қабылданды. «Сөйтіп, кейбір белорус кәсіпорындары өндірген сиыр етінің Ресейге жеткізіліміне және Ресей Федерациясының аумағы арқылы өткізілуіне қойылған шектеулерге байланысты тосқауыл жойылды деп санаймыз», –  деп мәлімдеді ЕЭК Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпаратттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министрі Гегам Варданян.​

Бұдан бұрын ЕЭК Алқасы Ресейге Одақ құқығын орындау қажеттігі туралы хабарлама жіберді. ЕЭК-тің Ішкі нарықтың жұмыс істеуі департаменті жүргізген мониторинг қорытындысы бойынша бірнеше белорус өндірушілері өткізетін сиыр етінің Ресейге жеткізілімін және Ресей Федерациясының аумағы арқылы ЕАЭО елдеріне өткізілуін «Россельхознадзор» тоқтатып тұрғаны анықталған болатын.

Гегам Варданянның пікірінше, тосқауылдарды жоюға жедел ден қою Одақ елдері экономикасының дамуына ықпал етеді.​