Жүйеге кіру
ЕЭК Министрі Тимур Сүлейменов: «Біздің интеграциялық бірлестігіміздің шеңберінде экономикалық шешімдерді қабылдау кезінде көршіміздің қызығушылығы маңызды болмақ»

ЕЭК Министрі Тимур Сүлейменов: «Біздің интеграциялық бірлестігіміздің шеңберінде экономикалық шешімдерді қабылдау кезінде көршіміздің қызығушылығы маңызды болмақ»

09.12.2015

желтоқсанда Мәскеуде, «Еуразиялық экономикалық одақтың экономикалық,қаржы және сауда-саттық саясаты:шетелдік бизнес үшін мүмкіншіліктер»форумында сөз сөйлегенде, Еуразиялық экономикалық комиссиясының Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа Мүшесі (Министр) Тимур Сүлейменов бизнес-қоғамдастыққа Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕЭО) аумағында ортақ қаржы нарығының, бірыңғай қызмет және еңбек нарығының қалыптастырылуы туралы әңгімелеп берді.

Іс-шараны Еуразиялық экономикалық комиссиясымен бірлесе отырып Ресейдегі Американдық сауда палатасы мен Американ-Ресей іскерлік кеңесі ұйымдастырдыФорумға РФ-те ұсынылған шетелдік бизнес-қоғамдастықтың өкілдері қатысты.

ЕЭК Министрі айтып өткендейбіздің елдеріміздің экономикалық дамуындағы қазіргі кезеңде мемлекеттердің қаржы саласындағы интеграциялық өзара әрекеттестігінің күшеюі, қаржылық қызметтердің ортақ нарығын қалыптастыру елеулі маңызға ие болып отырОсыған орай, Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарт шеңберінде елдер Одақтың шеңберінде капиталдың еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін тиісті нормативтік-құқықтық базаны құру жөнінде үлкен жұмыс жүргізуде.

«Қаржы саласындағы интеграцияланудың бірінші тірегі —үйлестірілген заңнамаБұл мазмұндық нормалар бірыңғай болуы тиіс екенін білдіреді. Қаржы нарығының екінші тірегі — әкімшілік ынтымақтастық»,–деді Тимур Сүлейменов. ЕЭК Өкілі Комиссия қаржы нарықтарында қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптар туралы Келісімнің жобасын әзірлегенін айтты. Құжат қаржы саласындағы ұлттық заңнамаларды үйлестірудің бағытын, механизмі мен мерзімдерін белгілейді. «Тараптар мен ЕЭК ұсыныстар әзірлейтін болады. Олар қабылданатын болса, ЖЕЭК шешімімен директива қабылданатын болады, оны елдер ұлттық заңнамаларға имплементациялайтын болады»– деп атап айтты ЕЭК Министрі. Келісімнің жобасы Тараптарға мемлекетішілік келісуден өткізуге жіберілді. Құжатқа келесі жылы қол қою жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, бұл жоба мүше мемлекеттердің қаржы нарығы саласындағы заңнамаларын үйлестіру жоспарын әзірлеуді көздейді, ол жақындастырудың кезеңдерін 2025 жылға дейін Талаптар туралы Келісімнің күшіне енген күнінен бастап 9 айы ішінде болуын талап етеді. Бұдан басқа, Комиссияның жоспарында – қаржы нарықтарындағы заңнаманы үйлестіру туралы жыл сайынғы есеп беруді әзірлеу бар.

«Біз банктік, сақтандыру және бағалы қағаздар нарығы іске қосылатындай ақпараттармен алмасуға дайынбыз»деп мәлімдеді Тимур Сүлейменов.Капиталдың еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін 2014 жылдың желтоқсан айында ақпараттармен, соның ішінде қаржы саласындағы, құпия ақпараттармен алмасу туралы Келісімге қол қойылды. Құжат реттеушілерге қаржылық ұйымдарға қатысты, соның ішінде құпия ақпараттарды қамтитын қадағалау ақпараттарына қатысты ақпараттармен алмасуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта келісім әрекет етуін бастау бойынша мемлекетішілік рәсімдерден өтуде.

Бұдан басқа, ЕЭК ЕЭО мүше мемлекеттердегі делдалдар мен дилерлерге ұлттық қор биржаларына кіруге өзара рұқсат беру (аккредиттеу) туралы Келісімнің жобасын дайындады. Құжат делдалдар мен дилерлердің Одақ елдерінің ұлттық биржаларына қосымша тіркеусіз (лицензиялау) кірулеріне рұқсат алуын көздейді.«Ұлттық рұқсат беру басқа мемлекеттердің нарықтарына кіруге рұқсат алудың шарты болып табылады. Бұл қосымша мүмкіншіліктер ашып отыр»,– деп айтты ЕЭК Министрі.

Комиссия Одақтағы бес елдің салық органдарының арасында жүйелі, көп жақты ақпарат алмасу ісін реттейді. Тимур Сүлейменовтың айтуынша, «бұл өзара әрекеттестікті жеңілдетеді, салық төлеушілерді тәртіпке келтіреді». Атап айтқанда, салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру үшін электронды түрде ақпарат алмасу туралы Хаттаманың жобасы әзірленді. Салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру үшін мүше мемлекеттердің салық органдары арасында жыл сайын электронды түрде ақпарат алмасу ЕЭО мүше мемлекеттердің бюджеттеріне салықтардың уақтылы және толық көлемде түсуіне бақылау жасалуын қамтамасыз етеді.

Жұмыс жүргізіліп отырған тағы бір маңызды тақырып — бұл алкоголь және темекі өнімдеріне арналған акциз мөлшерлемелерін үйлестіру болып отыр. Одақтың шеңберінде сол акцизделетін тауарлардың заңсыз ағынымен күрес жүргізу үшін Комиссия тиісті салаларда салық саясатын жүргізудің қағидаттары туралы Келісімнің жобаларын әзірледі. Құжаттар ЕЭО акцизделетін өнімдердің бірыңғай нарығын қалыптастыру үшін жағдайлар жасауға арналып отыр.«Контрабандалық тауарларды болдырмау үшін белгілі бір дәліздің шеңберінде акциздердің бес жылға жалпы индикативтік мөлшерлемелерін және содан жоғары және төмен коэффициентті енгізу болжамдалады. Акциздердің бұл индикативтік мөлшерлемелері жыл сайын қаралатын болады. Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің (ЕҮК) қажет болған жағдайда оларды түзетіп отыруға мүмкіндігі болады»,– деп мәлімдеді ЕЭК Министрі.

Сонымен қатар, Комиссия валюталық құқықтық қатынастарды реттеуге және ырықтандыру шараларын қабылдауға келісілген көзқарастар туралы Келісімді дайындады. Құжат Одақта валюталық тосқауылдардың жойылуын, үшінші елдермен өзара әрекеттестік жөніндегі көзқарастардың әзірленуін көздейді. Ол ЕЭО елдері өз мемлекетінің резиденттеріне қатысты шетелдік валютаны міндетті түрде сату талабын қолданбайтындығын ескереді. Бұдан басқа, ЕЭО бір мүше мемлекетінің резиденттері ЕЭО басқа мүше мемлекетіндегі банктерінде шетелдік валютада және ұлттық валютада шоттарды (салымдарды) шектеусіз аша алады. Осылайша, Одақтың шеңберінде капиталдың еркін қозғалуы үшін нақты жағдайлар жасалатын болады, ол біздің елдеріміздің экономикалық өркендеуі үшін қуатты серпін бола алады.

Сондай-ақ, Комиссия өкілі ЕЭК ЕЭО мүше мемлекеттердің несиелік тарихтар құрамына енетін мәліметтермен алмасу бойынша өзара әрекеттесуі туралы Келісімнің жобасымен жұмыс жасап жатқанын еске салды. «Бұл Одақтың басқа мемлекеттерінде несиелік тарих туралы ақпаратқа рұқсат алу үшін құқықтық база болады. Несиелік ұйымдар, өздеріне төлемге қабілетсіз қарыз алушылардың жүгінуін қаламайтыны құпия емес», – деп атап өтті Тимур Сүлейменов. Оның айтуынша, құжатты келесі жылдың басында мақұлдау жоспарланып отыр.

ЕЭК Министрі Комиссияның Одақ елдерінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша жұмысы туралы әңгімелеп берді. «Соңғы уақытта ЕЭО елдерінде ұлттық валюталардың бірімен-бірі келісілмеген, әрі синхрондалмаған девальвациялық ауытқулары байқалды. Валюталық девальвация – сыртқы нарықтарда белгілі бір экспорттық мақсаттарға қол жеткізудің тәсілі екендігін түсінген жөн. Осыған орай, ЕЭК ұлттық реттеушілермен және ведомстволармен бірлесе отырып, валюталық, ақша-несие саясаттарын үйлестіруді қолдайды. Алайда, әзірге бұл мәселе бір орыннан жылжи алмай тұр»,– деп әңгімелеп берді ЕЭК өкілі.

Тұрақты әрекет ететін (үнемі) Мәжіліс немесе ЕЭО қаржы тұрақтылығы жөніндегі Кеңес (ҚТК) ЕЭО мүше мемлекеттердің қаржы министрліктері, экономика және ұлттық (орталық) банктері басшыларының, сондай-ақ Комиссияның Алқа мүшелері деңгейінде қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ете алады. Оның қызметіндегі мақсаты макроэкономикалық, валюталық, монетарлық, салықтық және бюджеттік саясатты қоса санағанда, қаржы-экономикалық саладағы шешуші саясаттарды үйлестіру және келісу болуы тиіс. Сонымен қатар, ЕЭК өкілі 2025 жылға қарай ЕЭО мемлекеттерінің қаржы нарығын реттеу жөніндегі ұлтүсті органын құру жөніндегі жұмысты жандандыру қажеттігін айтып өтті.

«Біз белгілі бір кезеңде интеграциялық бірлестігіміздің шеңберінде экономикалық шешімдерді қабылдау кезінде көршіміздің қызығушылығы маңызды болады деп сенеміз», – деп қорытындылады Тимур Сүлейменов.