Жүйеге кіру
Балалар ойыншықтары, аттракциондар мен тұрмыстық электр аспаптары ЕАЭО елдерінде қауіпсіздеу болады

Балалар ойыншықтары, аттракциондар мен тұрмыстық электр аспаптары ЕАЭО елдерінде қауіпсіздеу болады

28.02.2017
 
Еуразиялық экономикалық комиссия  Алқасы (ЕЭК) шағын көлемді, өте күшті, бекітілмеген магниттерді ойыншықтарда пайдалануға тыйым  салуды мақұлдады, Еуразиялық экономикалық одақтың аттракциондарға және  электр техникасы мен радиотехника  бұйымдарындағы қауіпті заттарға арналған техникалық регламенттеріне өтпелі ережелерді белгіледі, техникалық реттеу, өнеркәсіп және АӨК, кедендік ынтымақтастық  салаларында  басқа бірқатар маңызды шешімдер қабылдады.

Алқа мүшелері ЕАЭО «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне бірқатар ережелер, соның ішінде  өте күшті, бекітілмеген магниттері және шағын көлемді магнитті элементтері бар  магнитті ойыншықтарға қойылатын талаптар енгізуді мақұлдады.  Магнитті ағын көрсеткіші Еуропалық талаптармен үндестірілді. Тыйым салу мұндай магниттерді балалардың байқамай жұтып  қоюы олардың денсаулығы мен өміріне айтарлықтай қауіп төндіретінімен байланысты болып отыр. Беларусьтің ұсынысы бойынша жаңа бес  мемлекетаралық стандартты әзірлеу жоспарлануда, олар  ойыншықтарды үстіңгі жағынан бояуға, үйде пайдаланылуға арналған ойын жинақтары мен батуттардың  қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды регламенттейтін болады.

ЕАЭО «Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің өтпелі ережелері  белгіленді, олар 2018 жылғы 18 сәуірден бастап күшіне енеді. Регламентте «жолаушылардың қозғалыс кезінде көңілін көтеруге арналған жабдықтарға», соның ішінде кинотеатрларда механикаландырылған креслолар, үрлемелі батуттар, әткеншектерге,  шолу доңғалағы, катапульт, картингтер, еркін құлдилау мұнаралары және т.б. сияқты жабдықтарға қатысты бірыңғай міндетті талаптар көрсетілген. Құжатта  балаларға арналған және  судағы механикаландырылмаған аттракциондарға қойылатын талаптарға ерекше көңіл бөлінеді. Бұрын ұлтүсті заңнамасында бұл өнімдер реттелмеген болатын.

ЕЭК Техникалық реттеу жөніндегі министрі Валерий Корешков техникалық регламенттің стационарлық және уақытша орнатылатын аттракциондарға қолданылатынын атап өтті. Пайдаланған кезде олардың жолаушыларға әсер етуі мүмкін, бұл әсерлер әлеуетті биомеханикалық тәуекел жағынан  үш деңгейге бөлінеді: жоғары (RB-1),  орта (RB-2) және төмен  (RB-3). Біріншісі  адамның өміріне қауіп төндіретін зиян келтіру, екіншісі – ауыр зиян  келтіру, үшіншісі  еңбекке уақытша жарамсыз болуға әкеп соқтыратындай зиян  келтіру мүмкіндігімен сипатталады. Құжат механизмдердің қозғалу жылдамдығына және көтерілу биіктігіне, жолаушылар креслосының айналу бұрышына  талаптар белгілей отырып, олардың қатерін барынша азайтады немесе болғызбайды. 

«Балаларға арналған аттракциондарды жобалау мен жасау – қосымша қатерлерді ескере отырып жүзеге асырылуға тиіс, - деді ЕЭК  министрі Валерий Корешков. – Оларға ерекше талаптар қойылады, солардың қатарында жабдықтарды  жарақат келтірмейтін  материалдардан және жабындылардан жасау және конструкциялардың жылжымалы және жылжымайтын элементтерінің арасындағы қашықтықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігі бар».

Егер өндірушінің техникалық регламент күшіне енгенге дейін берілген  сәйкестікті бағалау туралы құжаттары болса, 2019 жылғы 18 қазанға дейін Одақта аттракциондар шығаруға болады. Аталған күнге дейін техникалық регламент күшіне енген күнге дейін  сәйкестікті міндетті бағалауға жатқызылмаған  аттракциондарды жасауға жол беріледі.

Бұдан басқа, ЕЭК Алқа мүшелері  «Электр техникасы мен радиотехника бұйымдарында қауіпті заттарды қолдануды шектеу туралы» ЕАЭО техникалық регламентінің  өтпелі ережелерін бекітті, бұл құжат 2018 жылғы 1 наурыздан бастап күшіне енеді.

Комиссияның Техникалық реттеу жөніндегі министрі Валерий Корешков техникалық регламенттің жақсы жақтары туралы былай деп атап өтті: «Құжат қорғасынды, сынапты, кадмииді және басқа да заттарды компьтерлерде, тоңазытқыштарда, ұялы телефондарда, кір жуу машиналарында, шаңсорғыштарда, үтіктерде және басқа да электр аспаптырында қолдануды шектейді, бұл тұтынушының қауіпсізідігіне елеулі әсер етеді».

Электр  техникасы мен радиотехника бұйымдарын  сәйкестікті бағалауды жүзеге асырмастан және техникалық регламенттің талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжаттарсыз жасауға және айналысқа шығаруға 2020 жылғы 1 наурызға дейін  жол беріледі.

ЕЭК Алқасы  ЕАЭО «Жарылғыш заттардың және олардың негізінде жасалатын бұйымдардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің күшіне енуі бойынша  өтпелі кезеңді ұзартуды мақұлдады.  Техникалық регламент  Одақ елдерінде  көмір, мұнай, газ және басқа да бірқатар өнеркәсіп салаларында  жарылыс энергиясын  пайдалану үшін шығарылатын жарылғыш заттардың айналысын реттейді. Беларусьтің Төтенше жағдайлар министрлігі мен Қазақстанның Инвестициялар және даму министрлігі  қолдаған Ресейдің Экономикалық даму министрлігінің ұсынысы бойынша  жарылғыш заттарды таңбалау құрамалары мен микротасымалдағыштарды міндетті түрде енгізу  мерзімін 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзарту мақұлданды. Түпкілікті шешімді ЕЭК Кеңесі қабылдайды.

ЕЭК Алқасы  ЕАЭО «Көмірсутек газдарын отын ретінде пайдалану үшін оларға қойылатын талаптар» техникалық регламентіне зерттеулер және өлшемдер қағидалары мен әдістерін қамтитын стандарттардың тізбесін бекітті. Тізбеде ISO халықаралық стандарттарымен үндестірілген 12 халықаралық стандарт және 18 ұлттық стандарт қамтылады.  Солардың ішінде техникалық регламенттің «октан саны», «шектелмеген көмірсутек сомасының салмақтық үлесі», «қаныққан булардың қысымы», «иістің қарқындылығы» және т.б. сияқты  элементтеріне қатысты стандарттар бар.

ЕАЭО «Автомобиль жолдарының қауіпсіздігі» техникалық регламентіне стандарттар тізбесі  сегіз МЕМСТ-пен, Беларусьтің мемлекеттік стандартымен және Қазақстанның ұлттық стандартымен толықтырылды. Атап айтқанда, тізбеге автожолдарда тайғаққа қарсы материалдарды пайдалануға қатысты МЕМСТ 33387-2015 енгізілді. Бұл стандарт сұйық және қатты материалдарға, мысалы, олардың балқу қабілетіне, кристалданудың басталу  температурасына қойылатын талаптарды белгілейді. Сонымен бірге, темірбетон бұйымдары мен конструкцияларын сынау әдістері бойынша  бес стандарт енгізілді.

Шағын  көлемді кемелердің сыныптамасы мен оны ресімдеу қағидалары туралы куәліктің бірыңғай нысаны бекітілді. ЕЭК Алқасы  бұл шешімді өнімнің ЕАЭО «Шағын көлемді кемелердің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің бірыңғай талаптары бойынша өнім сәйкестігін бағалауды жүргізуді қамтамасыз ету үшін қабылдады. Куәлікті мүше мемлекеттің уәкілетті органы  корпусының ұзындығы алты метрден асатын шағын кемелерге қатысты ресімдейді.

ЕЭК Алқасы ЕАЭО  СЭҚ ТН 8415 тауар позициясындағы  моторлы көлік құралдарының ауаны  конденсациялау жүйесіне арналған конденсаторлар мен буландырғыштарды да сыныптады. Бұрын Одақ елдерінде олар әртүрлі тауар позицияларында сыныпталған болатын.  Мұндай практика  ЕАЭО елдеріне конденсаторлар мен буландырғыштарды әкелу кезінде иморттаушыларға теңдей жағдай жасамады. ЕЭК Алқасының шешімі сыртқы экономикалық қызметтің қатысушыларын теңдестіруге, тауарды одақтың нарығына жеткізудің ортақ қағидаларын қамтамасыз етуге, сондай-ақ қатысушы мемлекеттердің кеден органдарына бірыңғай тәсілдемелерді қолдануға  мүмкіндік берді.

ЕЭК Алқасы қабылдаған шешім жалпы алғанда Еуразиялық экономиалық одақ елдерінде бизнесті жүргізу жағдайларын оңайлатады, халықты  қауіпсіз және сапалы тауарлармен қамтамасыз етуге ықпал етеді.