Жүйеге кіру
ЕЭК министрі Татьяна Валовая: «Чилимен диалог кең форматты диалогқа айналып, жаңа серпін алып келеді»

ЕЭК министрі Татьяна Валовая: «Чилимен диалог кең форматты диалогқа айналып, жаңа серпін алып келеді»

01.03.2017
1 наурызда ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Татьяна Валовая мен Чили Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Родриго Хосе Ньето Матуран Еуразиялық экономикалық Комиссияда Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Чили Республикасының сауда-экономикалық әріптестігін дамытудың ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Кездесуге қатысушылар ЕАЭО -  Чили форматындағы ынтымақтастықтың даму қарқынына қанағаттанушылық білдірді.

«Біздің Чилимен диалогымыз  кең форматты диалогқа айналып, жаңа серпін алып келеді. Чилилік әріптестер ЕЭК-тің барлық бейінді блоктарымен белсенді түрде өзара іс-қимыл жасауда. Біз чилилік бизнесмендер үшін  тақырыптық  семинарлар сериясын өткіздік, соның арқасында Одақ елдерінің нарықтарына шығу және соларда жұмыс істеу қағидалары оларға анағұрлым түсінікті бола бастады. Бірлескен жұмыс тобы ЕАЭО елдері мен Чилидің сауда-экономикалық ынтымақтастығын алға жылжыту үшін жақсы алаң болды» - деп баса айтты Татьяна Валовая. 

Родриго Хосе Ньето сенім грамоталарын тапсырғаннан кейін келесі күні ЕЭК-тің штаб-пәтеріне барды. Ол кездесу барысында ЕАЭО елдерімен іскерлік ынтымақтастықтың маңызды екенін атап айтып,  Комиссиямен үнемі диалог жүргізіп отыру оның Чили Республикасының Ресей Федерациясындағы жаңа Төтенше және Өкілетті Елшісі ретіндегі қызметінің басым бағыттарының біріне айналатынын мәлімдеді.

2015 жылғы маусымда Петербург халықаралық экономикалық форумында ЕЭК мен Чили Үкіметі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Комиссия мен Чили Үкіметі арасындағы бірлескен жұмыс тобының екі отырысы өтті, Татьяна Валовая бұл топтың тең төрайымы болып табылады. Наурызда Сантьягада өтетін үшінші отырыста  тараптар экспорттауы өзара қызығушылық туғызатын  тауарлар тізбесімен бір-бірін  таныстырмақ.