Жүйеге кіру
ЕАЭО Еуропалық бизнес үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашуда

ЕАЭО Еуропалық бизнес үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашуда

27.02.2017

«Германия бизнесі ЕАЭО құру экономикалық жағынан өзін-өзі ақтайды деп есептейді» -   ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян «Жаңа қағидалар, жаңа кеңістіктер – Ресейдегі және ЕАЭО-дағы мүмкіндіктер» атты конференция алдында Ресей-Германия сыртқы сауда палатасы  жүргізген зерттеулердің  қорытындысына осындай түсіндірме берді.  Тигран Саркисян және ЕЭК Алқа мүшелері (министрлер) Карине Минасян мен Мукай Кадыркулов Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің аумағында бизнестерін жүргізіп жатқан  немесе ЕАЭО елдеріне  инвестициялар салу мүмкіндіктерін қарастырып жатқан немістің 400-ден астам іскер  тобы өкілдерін жинаған форумның негізгі спикерлері болды.

ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян немістің бұқаралық ақпарат құралдарының журналистерімен кездесу барысында Еуразиялық экономикалық комиссия  Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің жекелеген салалары немесе экономикасы жағдайына ықпал етуі мүмкін кез келген шешімді қабылдау кезінде бизнес пікірлерін ескеруге ұмтылады, - деп атап көрсетті. Бұл үшін ЕЭК  кәсіпкерлік және салалық қоғамдастықтармен, атап айтқанда, Одақтың барлық бес елінің бизнес қауымдастығын біріктіретін ЕАЭО-ның Іскерлік кеңесімен белсенді жұмыс жүргізуде.

Тигран Саркисян  немістің іскерлік қауымы өкілдерінің алдында сөйлеген сөзінде Еуразиялық экономикалық комиссия қызметінің  жұмыс қағидаттары мен стратегиялық мақсаттары туралы айтып берді. «Еуропа бизнесінің ЕАЭО-дағы өз қызметінен  көп үміт күтуінің оң сипатқа ие болуы, неміс компанияларының  Одақ елдерінің экономикасын дамытуға инвестиция салуға әзір екендігі  мені қуантады. Бұл  біздердің өзара  мүдделеріміз және сындарлы диалог жүргізу үшін  мүмкіндіктеріміз бар деген сөз. – деп баса айтты Тигран Саркисян. -   Еуразиялық экономикалық комиссиядан іскерлік климатты жақсартатын,  инвестициялардың және еңбек реусурстарының еркін  өтуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тауарлар мен қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығын қалыптастыратын  шешімдерді күтеді. Еуразиялық экономикалық  одаққа деген бұл көзқарас ЕАЭО-ға кіретін бес елдің үкіметтері мен азаматтары  біздің алдымызға қойып отырған  мақсаттар мен міндеттерге сай келеді».

Тигран Саркисян «бірыңғай нарыққа және ортақ экономикалық кеңістікке  көшуде біз  мұқият болуымыз, ал шешімдерді ойластырып, саралап қабылдауымыз» керек екенін атап көрсетті. «Бұл  жұмыс істеп жатқан  кәсіпорындарға немесе инвестициялық жобаларға зиян келтірмеуі үшін қажет» деді. Ол Еуразиялық және Еуропалық кәсіпкерлердің өзара іс-қимылы  үшін қолайлы жағдайлар жасау Комиссия қызметіндегі басымдықтардың бірі болып қала беретініне немістің бизнес өкілдерін сендірді.

«Бүгін біз, шын мәнінде, кедергісіз бірыңғай экономикалық кеңістік,  тұтынудың, қаржылық және көлік-логистикалық қызметтер көрсетудің, энергетикалық ресурстардың ортақ ішкі нарығын  қалыптастыруға келесі қадамдар жасаудамыз, - деп атап өтті ЕЭК Алқасының Төрағасы. – Цифрлық күн тәртібін  дамыту, ЕАЭО шекарасынан түпкі тұтынушыға дейін  тауарлардың жеткізілу ашықтығын қамтамасыз ететін және  бизнеске құжат айналымының күрделі және шығынды тетіктерімен ауыртпалық түсірмейтін  ақпараттық платформаларды құру аса маңызды векторлардың біріне айналуда».

ЕЭК Кедендік ынтымақтастық жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Мукай Кадыркулов жаңа кеден заңнамасы күшіне енгеннен кейін ЕАЭО жалпы нарығында сыртқы экономикалық  қызметке қатысушыларды күтіп тұрған  алдағы өзгерістер туралы айтып берді. Министрдің пікірінше  «ЕАЭО сауда әріптестеріне Одақтың барлық аумағында қолданылып жүрген  өзара пайдалы әрі түсінікті қағидалар бойынша ынтымақтастықтың сенімділігіне және жайлы жағдайына  кепілдік бере алады».

Мукай Кадыркулов ЕАЭО Кеден кодексі туралы айта келе, бұл Комиссия, ұлттық реттеуіштер мен бизнес қоғамдастығы  барлық кезеңінде тең дәрежеде әзірлеген Одақ практикасындағы алғашқы халықаралық құжат екенін атап өтті.

Мукай Кадыркуловтың пікірінше, үшінші елдер мен бірлестіктердегі сауда әріптестерімен диалог жүргізуге әзір  екі негізгі бағыт бар: «Әңгіме транзиттік жүйені кеден транзитінің трансконтиненттік  жүйесін құру перспективасымен ұштастыру және уәкілетті экономикалық операторларды өзара тану туралы болып отыр. Егер біз уағдаласуға қол жеткізе алсақ, бұл біздің елдеріміздің бизнесі үшін елеулі жеңілдіктер болмақ».

Карине Минасян ашық бизнес ортаны қалыптастыруда тосқауылдарды жоюмен және ІТ-технологиялардың рөлімен байланысты мәселелерді қозғады.

Атап айтқанда, ол ЕЭК-тің  ішкі нарықта кедергілерді жою бойынша Одаққа қатысушы елдердің ұлттық үкіметтерімен бірлескен жұмысы жүйелі сипатқа ие болғанына тыңдаушылардың назарын  аударды. Бизнес қоғамдастығымен коммуникациялар үшін аса маңызды арна болып табылатын barriers.eaeunion.org порталын құру маңызды нәтижелердің бірі болды. Осы онлайн-платформаның көмегімен ЕАЭО-да жұмыс істейтін кәсіпкерлер еркін экономикалық өзара іс-қимыл үшін кедергілердің бар екені туралы хабарлау мүмкіндігіне ие болды.

«Біздің уақыт жағынан ұзақ болмаса да,  шын мәнінде  тиімді тәжірибеміз біздің Одақтан тыс жерлерде сұранысқа  ие болып отыр, - деп баса айтты Карине Минасян. – Бүгін біз осы тақырыпты неміс бизнес қоғамдастығының өкілдері ұйымдастырған конференция шеңберінде  талқылап отырғанымыз фактісінің өзі біздің  бір интеграциялық бірлестіктің тәжірибесін көптеген басқа бірлестіктердің   зерделеп жатқан  жаһанданудың  жаңа сатысына  еніп отырғанымызды растауға негіз береді».

«Жаңа қағидалар, жаңа кеңістіктер – Ресейдегі және ЕАЭО-дағы мүмкіндіктер» конференциясы Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің нарықтарында өз позицияларын сақтап қалғысы келетін неміс бизнесінің 400-ден астам өкілін жинады. Сөйленген сөздерде қозғалған мәселелер тауарлар жеткізумен және кедендік ресімдеумен,  маркетингпен және сатумен,  өндірісті оқшаулау және  инновациялық жобаларға ивестициялар салумен байланысты тақырыптардың кең ауқымын қамтыды.  ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян атап өткендей,  мұндай кездесулер  ынтымақтастықты  Еуропа бизнесі үшін  түсінікті әрі болжамды етуге мүмкіндік береді. Оның үстіне, Еуропалық компаниялар Одақ елдерінің бизнес қоғамдастығы үшін әлі де болса неғұрлым қалаулы әріптестер болып қалуда.