Жүйеге кіру
Михаил Мясникович Сергей Лавровты Дипломатиялық қызметкер күнімен құттықтады

Михаил Мясникович Сергей Лавровты Дипломатиялық қызметкер күнімен құттықтады

10.02.2020

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты Ресейдің дипломатиялық қызметкер күнімен құттықтады.

«Сізді және Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің ұжымын кәсіби мереке - Дипломатиялық қызметкер күнімен шын жүректен құттықтаймын, - делінген құттықтау хатта. - Күрделі сыртқы саяси жағдайда Сіз Ресей Федерациясының мүдделерін жауапкершілікпен және қажырлылықпен қорғап келесіз. Сіздің басшылығыңызбен Сыртқы істер министрлігі әділ әлемдік тәртіп пен өзара тиімді әріптестікті, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші елдермен және халықаралық бірлестіктермен өзара іс-қимылын дамыту ісінде қалыптастыруға дәйекті түрде қол жеткізуде».

 Сергей Лавровтың Еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық процестерді нығайтуға және ЕАЭО мемлекеттері арасында сенімгерлік және достық қарым-қатынасты орнатуға қосқан зор жеке үлесін ерекше атап өте келіп, Михаил Мясникович алдағы жемісті ынтымақтастыққа сенім білдірді.​